АҚШ-та жүрген Диас Аблаев iPad ұстаған қайыршыларды көріп таң қалған

Жұма, 1 Шілде , 2016 14:33

Диас Аблаев саяхаттап жүріп қолына iPad ұстап отырған қайыршыны көріп қатты таң қалған. Әншінің айтуынша, қайыршының үстіндегі киімі бүтін әрі қымбат көрінеді.

image

Фото: instagram.com/dias_ablayev/

Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.

Нағима Есқалиеваның ұлы дәл қазір АҚШ-та жүр. Ол аталған елде өнер көрсетіп, тыңдармандарын қуантуда. Әнші аталған елдің өзгелерден айтарлықтай ерекше екенін айтады – жүзіне күлкі үйірілген жандар, мәдениеттілік, сөз еркіндігі.

“Бұл қала мені күн сайын таң қалдырудан жалықпайды. Мейманханадан шығып келе жатып орта жастағы ер адамның қайыр сұрап жатқанын көріп қалдым. Алдындағы қағазында әйтеуір бір соғысқа қатысқаны туралы жазылған екен. Неге екенін білмеймін, өзім де толық оқып шықпадым.

Мені бәрінен де баспанасы жоқ адамның шырттай киініп алып, қолында iPad  ұстап отырғаны таң қалдырды. Мен оның таңертең жұмысқа барғанына сенімдімін. Бұл жерде жалдамалы пәтерлердің бағасы жанып тұр. Тіреуі жоқ адамдарға өмір сүру қиын. Осылайша күнелтулеріне тура келеді. Басқаша өмір сүру мүмкін емес”, – дейді Диас Аблаев.

Мұнымен қатар, Диас Аблаев өзі туралы жаңалықтарды естіп қатты таң қалған. Ол БАҚ өкілдерінен аталған ақпаратты өшірулерін сұрап, алдағы уақытта анасы мен өзінен кешірім сұратқызатынын айтты.


Жіберіп алмаңыз:

Нағима Есқалиеваның ұлы АҚШ-тағы гей-шеруді өз көзімен көрген

Нағима Есқалиева KeshYou солисіне құда түсті

Есқалиева жартылай жалаңаш жігіттердің биін көріп, күлкісін тоқтата алмаған

Данара Құлжанова: АҚШ-тағы гей-парадта өз елімнің туын абыроймен көтеріп шықтым

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар