Нағима Есқалиеваның ұлы АҚШ-тағы гей-шеруді өз көзімен көрген

Сәрсенбі, 29 Маусым , 2016 13:22

Нағима Есқалиеваның ұлы жуырда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен гей шеруді өз көзімен көрген. Алайда ол бұл шеруге өзінің кездейсоқ тап болғанын және көрген оқиғасын ғана баяндауға тырысқанын айтады.

1

Фото: instagram.com/dias_ablayev/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда Диас Аблаев Мәскеу қаласы арқылы АҚШ еліне аттанған болатын. Аталған елде концерт қойып, тыңдармандарын қуантқан. Ал концерт бермес бұрын кездейсоқ гей шеруге тап болған екен.

“Күні бойы қыдырып қатты шаршадық. Үнемі күліп жүретін, жаны жайсаң жандардың қаласы. Жергілікті тұрғындар да, келген қонақтар да үнемі күлімсіреп жүреді. Алайда бұл туралы мен кейінірек айтып беремін. Түстен кейін адамдардың шуылы мен даусы жер жарған музыка естілді. Шыққан дыбысқа қарай жақындаймыз деп байқаусызда гей шеруге тап болдық.

6 авенюді толықтай “басып” алған екен. Көше бойымен әртүрлі ұйымның әртүрлі елден келген өкілдері жүріп өтіп бара жатты. Нью-Йорк полициясы мен өрт сөндірушілері де болды. Мұнымен қатар, діншіл опозиция да тұрды. Шеру толықтай бейбіт өтті десек те болады. Бұл шарада әркімнің өзіндік орны болды. АҚШ-та сөз бен таңдау еркіндігінің барына толықтай көзім жетті. Міне нағыз керемет!

Мұнымен қатар, сіздерден өтініп сұраймын, шерудің дұрыс-бұрыстығын ойлаудың қажеті жоқ. Мен бар болғаны көрген-білгеніммен бөлістім”, – дейді Диас Аблаев.

Желі қолданушылары әншінің өтінішіне құлақ асқан сыңайлы. Олар гейлерге қатысты мәселелерге тоқталмас бұрын, Аблаевқа концертінде сәттілік тілеген. Мұнымен қатар, Нью-Йорктің дәл қай аймағында жүргенін сұраған.


Жіберіп алмаңыз:

Нағима Есқалиева KeshYou солисіне құда түсті

Есқалиева жартылай жалаңаш жігіттердің биін көріп, күлкісін тоқтата алмаған

Jado-ның туған күнінде достары жартылай жалаңаш ер адамды шақыртып билеткен (фото, видео)

АҚШ-тағы гей-шеруде Қазақстанның туын ұстап шыққан қыздың кім екені белгілі болды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар