Қайрат пен Жұлдыздың махаббатына колледж ұстаздарына дейін қызыға қараған (фото)

Бейсенбі, 12 Қазан , 2017 12:17

Қайраттың құпиясы ашылғалы, отандық шоу-бизнес өкілдерінің де әншінің жұбайы жайлы жұрт білмейтін ақпараттарды айтуға құштарлығы оянғандай… Stan.kz тілшісі жүргізген арнайы сауалнама нәтижесінде феномен әнші мен Жұлдыз Әбдікәрімова туралы біраз жаңалықтардан хабардар болдық.

Жұлдызды жұптың Ж. Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінде білім алғанын көпшілік білгенімен, олардың аталмыш оқу орынындағы «махаббат хикаясын» бірі білсе, бірі білмес, сірә!  Тіпті, Қайрат қыз назарын аудару мақсатында түрлі қадамдарға барған. Бұл жайында Жігер Ауыпбаев айтып берді.

«Колледжде Қайраттың қандай студент болғанын да, одан кейін Жұлдыз екеуінің арасында болған біраз махаббаттары, оның барлығы сол колледж қабырғанда айтылып жүретін. Қайрат қолына гүл алып, романтик болып Жұлдызға келіп жүрген кездерін былай-былай, еміс-еміс есімізде», – дейді әнші Жігер Ауыпбаев.

Ал, Жұлдыз Әбдікәрімова Қайраттың достарымен қаншалықты жақсы қарым-қатынаста?! Бұл сауалдың жауабын хитменнің өмірдегі әрі өнердегі досы Ринат Баситов бүкпесіз баяндауға дайын.

«Біз отбасымызбен араласамыз. Жұлдыз деген табиғи мықты қыз ғой. Мықты әйел, қаншама бала-шаға тауып берді Қайрекеңе. Ол менің ойымша дәл осындай тосын-сыймен халыққа көрсеткенге лайықты жан. Ол өте әдемі болған, әлі күнге дейін сұлу қалпын сақтап қалған», – дейді «Азия» тобының әншісі.

Қайраттың қатарластары оның жұбайы жайлы дәл осындай тың ақпараттармен бөліссе, арнайы жүргізген сауалнамада Жұлдыздың үйде қандай келін екенін, Гүлзира ханымның құрбысы Шахизада айтып берді.

«Қаншалықты жақсы келін екенін сезесің ғой. Өйткені, Гүлзира ханым, әрдайым енесі айтып жүреді «айналайын» деп. Сосын Нұртас ағамыз да «қызым» деп өзі жаны қалмай жүреді. Ал, Жұлдызды тойларда 1-2 рет көрдім, дастархандас болдық, өзі келіндік міндетін атқарып жүгіріп жүреді», – дейді әнші Шахизада. 

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Салтанат Бақаева: Жұлдыз тұрмысқа шықпаса, бәрімізден мықты актриса болар еді (фото)

Қайраттың әкесі: Мен келінімді төбеме көтердім, өз балаларымды да олай ұстаған емеспін

Қайрат Нұртас: Жұлдызды көрсеткен соң, елдің бәрі әйелдерін көрсете бастады (фото)

Қызылордада дәретханаға шыққысы келген баланы балабақша тәрбиешілері суық күнде далаға шығарып қойған

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Anonymous says:

    Бекер созди айтарсын!!!оте жарасымды жуп!

  • Anonymous says:

    Екеуі пар емес, өйткені Қайрат ұсқынсыз пері сияқты

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар