Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың жұбайы: Мені құтырған әйел деп те ойлайды

Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова бірнеше жыл бұрын желіде тарап кетіп, жұрттың қызу талқысына түскен суреті туралы айтып берді. Ол кезде әнші отбасын жасырып жүргендіктен, ел арасында түрлі қауесет тараған еді, деп жазады Stan.kz.

Қайрат Нұртастың жұбайы: Мені құтырған әйел деп те ойлайды

Жұлдыздың сөзінше, өзін «құтырған әйел» деп ойлайтындар баршылық көрінеді.

«Осы суреттің тарихын қысқаша жазып кетпеске болмас, себебі көптеген басқа парақшаларда қыдырып, ел арасында қызу талқыға түсіп жүр екен. Әркім өз тарапынан әртүрлі нұсқалар жазып, тіптен қазір мені құтырған әйел деп те ойлайды екен.

2009 жылы Астана қаласында, «Меганың» ішінде Сезімді ойнатып болып отырған сәтте естелікке «өзімізге» деп түскен едік негізі. Ескі танысымыздың телефонына түсен едік. Менің жасым шамамен 20-да, жүктілік 8ай (Алауға), Сезім 1 жаста», – деп жазды Қайрат Нұртастың жұбайы.

Өз сөзінде Жұлдыз Әбдікәрімова сол уақыттарда жұбайы Қайратты айлап көрмейтін кездері болғанын айтты.

«Ақ патшамды айына бір-ақ рет көрсем көрдім, көрмесем «ақ жол» деп тілеуін тілеп отыратын кез. Себебі сол кезеңдерде концерттік бағдарламамен гастрольдік сапарға көп шығатын», – деп жазды Әбдікәрімова Instagram-парақшасында.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау