Айдарбекова: Төсек қатынасы бар көріністе Жұлдыздың орнын дублер алмастырды (видео)

Жұма, 13 Қазан , 2017 10:49

Күні кеше Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова басты рөлді сомдаған «Арман/Когда ангелы спят» кинокартинасы үлкен экранға жол тартты. Кинода басты рөлді сомдаған ерлі-зайыпты Қайрат пен Жұлдыз  фильмді астаналық көрермендермен бірге  отырып тамашалады.

Бұл туралы  фильмнің продюсері Гүлзира ханымнан сұхбат алған   Stan.kz тілшісі  хабарлайды.

Гүлзира ханым алдын ала фильмнің сюжетіне қатысты көрермендердің сын айтатынын білген.

“Біз әрине  кез-келген дүниені ұсынбас бұрын елдің  пікірін  біліп отырамыз. Алдын ала  халықтың сынына төтеп беруге дайындаламыз. Әрине бұл кино, өнер. Әрі Қайрат не жасаса да сынаушылар көп. Бірі шын ниеттен болса келесілер іштарлықпен ауыр сөз айтады дегендей. Жұлдыз актрисалықты оқыған, білімі бар адам. Сондықтан мен келінімді танытамын деп қалауым бойынша кездейсоқ фильмге түсіре салғаным жоқ. Әрі сомдаған рөлін жақсы алып шықты деп айта аламын. Ал қызды зорлайтын жерде Жұлдыздың орнын дублер алмастырды”,-дейді Гүлзира Айдарбекова.

Тек Жұлдыз емес, фильмде Қайрат та дублердің көмегіне жүгінген көрінеді.

«Мен келіп өзімнің қызымды іздеп жүрмін. Менің қызымды ұрлап кетеді, соны іздеп келетін сәт. Сол сүйіктімді құтқарамын”, – деген еді Қайрат бұған дейін Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Бір қызығы, фильмдегі басты кейіпкердің есімі Қайраттың жұлдызын жаққан ән атауымен бірдей, яғни – Арман.

Фильм бүгінгі қоғамда ашық айтыла бермейтін тақырыпты қозғайды. Арман есімді бойжеткен сүйіктісі Құрманмен сөз байласып, тойға дайындалып жатқан уақытта сұм жағдайға тап болады. Нақтырақ айтатын болсақ, ащы суға сылқия тойып алған төрт бірдей еркек Арманды алып қашып, зорлайды. Мұны білген Құрман сүйіктісін құтқармақ болып, келеңсіз жайтқа тап болады. Тіпті, түрмеге түседі. Өз кезегінде зорлаушылар болған жайтты құпияда сақтау үшін Арманға ақша ұсынады. Алайда бойжеткен әділдіктің орнағанын қалайды.

Еске сала кетейік, 9-қазан күні Қайрат Нұртас «Арман/Когда ангелы спят» фильмінің тұсауын кесіп, алғаш рет жары Жұлдызды ел алдына алып шықты.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат пен Жұлдыздың махаббатына колледж ұстаздарына дейін қызыға қараған (фото)

Салтанат Бақаева: Жұлдыз тұрмысқа шықпаса, бәрімізден мықты актриса болар еді (фото)

Жұлдыз Әбдікәрімова желіден алғашқы ресми парақшасын ашты (фото, видео)

Қайрат Нұртас: Жұлдызды көрсеткен соң, елдің бәрі әйелдерін көрсете бастады (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Anonymous says:

    Сонда зорламаса ,сондай жыныстық қантынастағы кадрлар болмаса болмаушыма еді

  • Anonymous says:

    кинотеатрда 1 рет корсетедима калган кундери неге корсетпейди

  • Anonymous says:

    Арман деген мен бала шығар деп оиласам

  • Anonymous says:

    Арман Құрман))))

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар