Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас 5D форматындағы концертінде әуеде қалықтап жүріп ән шырқады

12 желтоқсан күні «Астана-Арена» стадионында Қайрат Нұртас шығармашылығының 10-жылдығына орай әлемдік деңгейдегі «Ғашықпын…» атты ірі музыкалық шоу өтті.

_MG_0080

Бұл кеш бұрынғы кештен өзгерек, деп хабарлайды  Қайрат Нұртастың концертіне арнайы шақырту алған Stan.kz-тің Астанадағы тілшісі.

_MG_0027

Қазақ шоу-бизнесінде алғаш рет әнші өзінің шығармашылық кешіне 20 мыңнан аса көрермен жинады. Аренаға жиналған көрерменді қоспағанда, миллиондаған халық теледидардан тікелей эфирде тамашалады.

_MG_9497

Концерттің басты жаңалығы да Нюша қыздың қазақ тілінде ән айтқаны болды. Ресейлік жұлдыз Қайраттың репертуарындағы «Алматының түндері-ай» әнін ешқандай акцентсіз орындап шықты.

_MG_9569

Мұны қазақ көрермені де жоғары бағалап, әлеуметтік желілерде жарыса жазуда. Қайраттың концертінде Ресейден Нюшадан басқа Тимати де өнер көрсеткен болатын.

_MG_0257

Тимати да «Инстаграм» парақшасы арқылы бұл кештің ерекше болғанын атап өтті. Ал, оның оқырмандарынің бірі тіпті Қайраттың осынша көрермен жинағанына, «шок» болғанын жазған.

_MG_0292

Сахнаға шыққан сайын өзінің даралығымен, сапалы жанды дауысымен, өзіндік мәнерімен есте қалатын Қайрат Нұртас бұл жолы да ерекшеленді. Өнерін бағалайтын көрерменге әдеттегі «3D форматтағы»  концерт емес, 5D форматтағы шоу көрсетті.

_MG_0475

«Шоуды әзірлеу ушін арнайы Мәскеуден кәсіби мамандар шақырылды. Ол шоудың режиссері – Григорий Скоморовский, қоюшы суретші – Ротислав Бирюков, жарық беру жөнінде суретші – Сергей Воронцев және т.б.», – деп мәлімдеді кештің жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы.

_MG_0366

Бағдарлама барысында әнші отандастары үшін өзінің үздік әндерін орындады. Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін қосыла шырқап, бұл күні стадионның іші ерекше күйге бөленді.

_MG_9942

_MG_9942Сонымен қатар орындаушы кеңістікті де қолданып, әуеде қалғып жүрді. Бір сөзбен техниканың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, нағыз «шоу» жасай білді.

_MG_9716

 

_MG_0490

_MG_9716_MG_9569

 

 

 

 

Талқылау