Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа жылдық салюттердің қайсысы қауіпсіз?

Жаңа жыл қарсаңында дүкен және сауда орталықтарының сөрелері сан түрлі пиротехникалық өнімдермен көздің жауын алады. Негізінен пиротехника – бұл маусымдық тауар. Қазіргі кезде бұқара тұтынушыларға тұрмыстық қолданысқа арналған пиротехникалық өнімдер ұсынылған, оларды пайдалану кезінде арнайы білім мен дағды қажет емес. Дегенмен, кәдімгі дүкен не базар сөрелерінен пиротехникалық өнімдерді сатып аларда абай болған абзал, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Қызылорда облысының ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме беріп.

Қауіпсіздік шарасын сақтау мақсатында қандай салюттерді алған дұрыс?

Баса назарды өнім қаптамасына аударған жөн. Ол зақымданбаған болуы қажет. Сонымен қатар өнімде мемлекеттік не болмаса орыс тілінде жазылған қолдану нұсқаулығы болуы қажет. Қаптамада міндетті түрде от шашу саны, көлемі және әсері туралы мағлұмат көрсетілуі қажет. Ақауы бар, мыжылған, суланған, сұр не қара түсті бояуы шашылған өнімдер қауіпті болуы (аяқ асты жанып кетуі) мүмкін. Пиротехникалық құралдарды қаптамасыз сақтауға және қалтада сақтауға болмайды.

Пиротехникалық өнімдерді қатты жел кезінде ғимараттар мен үйден 30 м қашықтықта қолдану керек. Пиротехниканы қолдану тек нұсқаулыққа сай және үлкендердің қатысуымен қолдану қажет. Үй жағдайында тек хлопушка және бенгаль отын қолдануға рұқсат етіледі. Қалған пиротехникалық өнімдерді далада және ашық алаңда ғана қолдану қажет. Егер де пиротехникалық өнім жанбай қалған жағдайда, оған 10 минут көлемінде жақындауға және қолға алуға болмайды. Ол кенеттен жанып кетуі мүмкін, бұл өз алдына қауіпті болып табылады. Жерге түскен ракета тәріздес пиротехника қалдықтарын жинамаңыз, олар қолыңызда жарылып кетуі мүмкін.

Егер де сіз жарамдылық мерзімі өтіп кеткен петарда не болмаса өзге де пиротехникалық өнімді сатып алған болсаңыз, оларды отқа тастап жоймаңыз. Олардан арылудың тиімді әрі қауіпсіз жолы: оларға су құйып, 2 сағат күтіп, кәдімгі қоқыстармен бірге қоқыс жәшігіне тастауға болады.


Тағы оқыңыз: Жаңа жыл туралы қызықты деректер 

Талқылау