Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Каспийде демалған Қайрат Нұртас қайық басқарып көрді (видео)

Әнші Қайрат Нұртас әріптесімен бірге Каспийге барды. Аталған теңізде күнге қыздырынып қана қоймай, қайық басқарып көрген. Ол мұның өзіне ұнағандығын айтады.

image

Фото: instagram.com/kair_n/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Осы уақытқа дейін Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің Алматыдан Ақтауға ұшқаны туралы хабарлағанбыз. Қос әншінің аталған қалаға қандай мақсатпен барғаны белгісіз. Десе де, екеуі Каспий теңізінде демалыс ұйымдастырып, түрлі суретке түскен. Ал Қайрат Нұртас тіпті су қайығын басқарып көрген екен.

“Бар нәрсені адамға бағындырып қойған Алла ұлық!” – дейді Қайрат Нұртас.

Тыңдармандары сүйікті әншісінің бұл әрекетіне қуанып қалған. Оның сабырлы мінезін тілге тиек етіп, қайран қалатындықтарын жеткізген. Көпшілік оның Меккеге барып келген соң қатты өзгергенін айтқан.

Барлық нәрсені адамға бағындырып қойған, АЛЛА ҰЛЫҚ☝️

Видео опубликовано Кайрат Нуртас (@kair_n)

“Өнер адамдарының сабырлығына таң қаламын. Соның ішінде Қайраттың сабырлығына. Алла сабыр берсін бәрімізге!”, “Мынау Қайратжан ба?”, “Қайрат балам саған сәттілік тілеймін” сынды пікірлер білдірген.

Мұнымен қатар, қолданушылар арасында әншінің сөзіне қарсы келіп, табиғаттың ешуақытта адамға бағынбайтындығын айтқандар да табылды.


Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртастың жасаған қайырымдылығы жұрттың пікірталасына айналды (фото,видео)

Қайрат Нұртастың ШҚО-дағы концерті террористерден сақтану мақсатында болмауы мүмкін

Қайрат Нұртас допинг дауына ілінген Ильяға қолдау білдірді

Әнші Қайрат Нұртас мешіт салдырмақ

Талқылау