Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевқа ең жоғарғы мемлекеттік марапат берілді: парламент отырысы қалай аяқталды (видео)

20 наурызда парламент палатасының отырысында Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа "Халық қаһарманы" деген мәртебені ұсынып, "Алтын жұлдыз" белгісін тақты. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Назарбаевқа ең жоғарғы мемлекеттік марапат берілді: парламент отырысы қалай аяқталды

"Президент ретіндегі алғашқы шешімімді жария етемін. Еліміздің тұңғыш президенті туралы және мемлекеттік наградалар туралы Заңға сәйкес, елімізге сіңірген еңбегі үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа айрықша ерекшелік белгісі "Алтын жұлдыз" белгісін тапсыра отырып, "Халық Қаһарманы" атағын беремін". Президент ретіндегі алғашқы шешімімді жария етемін. Еліміздің тұңғыш президенті туралы және мемлекеттік наградалар туралы Заңға сәйкес, елімізге сіңірген еңбегі үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа айрықша ерекшелік белгісі "Алтын жұлдыз" белгісін тапсыра отырып, "Халық Қаһарманы" атағын беремін", — деді Тоқаев. 

Сонымен қатар, жаңа басшы Елордада ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне ескерткіш орнатылатынын атап өтті.

«Мемлекетіміздің астанасында Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің құрметіне ескерткіш орнатуды ұсынамын. Еліміздегі барлық облыс қалаларының орталық көшелерін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен атауды қажет деп есептеймін», - деді ол.

Айта кетсек, бүгін, 20 наурызда, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның президенті атанды. Ол халықтың алдында ант қабылдады. Ал Парламент палатасының отырысына келген Назарбаевқа билік өкілдері ду қол шапалақтап, үлкен құрмет көрсетті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау