Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ доллары 325,80 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.

1449638320ykxdj

Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының18 мүшесі қатысты.
Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 325,80 (-5,79 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі – 196 200 мың АҚШ долларын (+19 500 мың USD) құрады.

Есептесуі Т+0 теңгемен еуро бойынша және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ.

Сессия жабылу сәтіне сұраным бір юаньға 50,0700 теңгені құрады, сауда-ұсыным -бір юаньға 50,1000 теңгені құрады.
Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Талқылау