Қаржы министрлігі мен СІМ Үкімет өкілінің Парижден 65 млн еуроға пәтер сатып алғанынан хабарсыз

Сейсенбі, 14 Қараша , 2017 22:09

Қазақстан Үкіметінің өкілі Парижден 65 млн еуроға элиталы пәтер сатып алды. Бұл Франция астанасында осы жылы жасалған ең қымбат сауда-саттық болды.

Фото: total.kz

Осындай ақпарат элиталы жылжымайтын мүлік саудасымен айналысатын «Мansionglobal» халықаралық агенттігінің сайтында жарияланған. Ондағы мәліметке сай, пәтер әйгілі Елисей алаңына жақын жерде, бай-манаптар тұратын ауданда орналасқан, деп хабарлайды Астана арнасы.

Аумағы 1200 шаршы метрді құрайды. 5 жатын бөлмесі, спа-аймақ, қызметшілер мен күзетке арналған бөлек орындар қарастырылған. Әсіресе, қауіпсіздігі керемет. Терезелерінен оқ өтпейді, және бас сауғалайтын арнайы жер де бар. Сауданың орын алғанын біздің арна тілшілеріне бельгиялық риелтор де растады.

“Жылжымайтын мүлік ресейлік олигархқа тиесілі еді. Оны жеке кездесулер өткізуге қолайлы ету үшін, 100 млн еуродай қаржы құйды. Сатып алушы – Қазақстан Үкіметінің өкілі. Пәтердің нарықтағы бағасы шаршы метрі үшін кем дегенде 20 мың еуро. Яғни үйдің құны 24 миллион еуроны құрайды. Қосымша күшейтулер, жаңғыртулар мен көліктердің құны әрі кетсе 5 миллион еуроға түсуі мүмкін”, – дейді бельгиялық риелтор Игнас Мювиссен.

Жылдың ем қымбат саудасы туралы мәлімет бірқатар басылымдарда жарияланды. Ал,  Қаржы министрі мен Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі бұл ақпараттан хабарсыз болып шықты. Тіпті ведомстволар бір біріне сілтеді.

“Бұл сұрақты сыртқы істер министрлігінің өкіліне қойып тұрғандарыңызға таң қалдым. Мен бұл сұрақ министрліктің құзыретінде емес деп сеніммен жауап бере аламын. Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Үкіметінің әрекетіне қатысты түсінік бере алмайды”, – дейді ҚР СІМ ресми өкілі Ануар Жайнақов.

Тағы да оқыңыз:

16 жасында аяғы ауырлап оң босағада бала босанған шымкенттік бойжеткен өз жайын баяндап берді

Жезөкшелердің етінен кәуәп жасап базарда сатқан алматылық адамжегіш алғаш рет сұхбат берді (фото)

Зәріңді төкпе, бізде ауысым болып жатыр деді: Шымкент тұрғыны сәбиінің өліміне дәрігерлерді кіналайды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар