16 жасында аяғы ауырлап оң босағада бала босанған шымкенттік бойжеткен өз жайын баяндап берді

Сейсенбі, 14 Қараша , 2017 22:03

«Қызға қырық үйден тиюды», салт-дәстүрді жақсы ұстанатын еліміздің оңтүстігі, алайда, он алты жастағы жүкті қыздардың санынан алдыда тұр. Шымкентегі «Аналар үйіне барсаң, жас аналарға толы.

Шалыс басып, «барарға жері, басарға тауы» қалмағандар. Оқушы қыздардың бірінен сүйіктісі бас тартса, енді бірінен «бізді масқараладың» деген ата-анасы да алыстайды, деп хабарлайды 31 арна. 

Кәмелеттік жасқа жетпей , жүкті болып қалғандар арасында 17 жастағы Алина да бар. 16 жасында аяғы ауырлаған ол осыдан үш ай бұрын сәбиін дүниеге әкеліпті. Сүйіктісінің «нәрестелі боламыз» деген сөзін естіген жігіт кенеттен ғайып болыпты. Ал оң босағада отырып, қыздарының жүкті болғанын білген ата-анасымен де ақыры араздасып тынады. Жүктілігімен жалғыз қалған бойжеткен ақыры аналар үйіне келеді.  Мұнда қызы 1,5 жасқа толғанша ғана бола алатын Алина болашаққа жоспарым жоқ дейді.

“Ия, жүріп жүрген жігітім. Соған сеніп, осындай нәрсе болды ғой енді. Ну, болып  қалды осылай. Ол сосын жоқ болып кетті”, – дейді жас ана Алина.

Орталықтың психолог маманы жастай жүкті болып қалғандардан ең алдымен көздері алақтап, үреймен келетінін аңғарасың, – дейді. Ата-анасынан жасырынып келетіндері де бар екен. Дағдарыс күйдегі жандар, бала босанғаннан кейін, ақырындап өздеріне келе бастайтын көрінеді.

“Баласына көзқарасы өзгеріп, мейіріммен, күлімдеп, уже действительно, екі аптаның ішінде өзгеріп қалады қыздар”, – дейді психолог Жанат Кенжебаева.

Аталмыш тақырыпты жиі көтеретін қоғам белсендісі Аңсаған Мұстафаның пікірлері мен қаламынан туған дүниелері әлеуметтік желіде жиі көрініп жүр. Жүктілікке қатысты суреттерімен танымал жан сұранысты қыздың тек анасынан ғана емес, әкесінен де талап етіп, мәселеден қашпастан, қарсы тұруға шақырған жөн, – дейді.

“Бұдан қашудың керегі жоқ. Тығылудың керегі жоқ. Бұл кәдімгідей проблема. Балаңды кезінде тәрбиелей алмадың ба, еркек болсаң өз мойныңмен көтеру керек жаңағыдай. Қызың қарабет болып жатса, бірге қарабет болу керек деп ойлаймын”, – дейді қоғам белсендісі Аңсаған Мұстафа.

Жоспарсыз жүктіліктің зияны көп дейтін дәрігерлер, оның арты қоғамда баланы көшеге тастау, түсік жасау сияқты сәтсіз оқиғаларға алып келетінін айтады. Жүктілікке алдын-ала дайындалып, оны жоспарлауды ұсынатын мамандар, тіпті алғашқы жүктілікте түсік  жасатқандарда бедеулікке шалдығудың қаупі үлкен деп отыр.

Тағы да оқыңыз:

Елімізде зейнетақы жинақтары үшін мекемелер арасында қып-қызыл талас басталғалы тұр

Жезөкшелердің етінен кәуәп жасап базарда сатқан алматылық адамжегіш алғаш рет сұхбат берді (фото)

Қазақстандық жүргізушілерге қандай жағдайда куәліксіз көлікпен жүруге рұқсат беріледі

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар