Елімізде зейнетақы жинақтары үшін мекемелер арасында қып-қызыл талас басталғалы тұр

Сейсенбі, 14 Қараша , 2017 21:47

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан басымдықты тартып алу мақсатында ануитеттік компаниялар жаппай жұмыстарын жандандырып жатыр, деп хабарлайды КТК.

Енді күшейе бастаған осы мекемелерге сеніп, бірыңғай зейнетақы қорынан бас тартып жатқандар да аз емес екен. Дегенмен, сарапшылар ануиттік компанияларға да сеніп отырған жоқ. Әрі қоятын талаптары тым жоғары деген пікірде.

Аннуитеттік компаниялар азаматтардың сенімін жаулауға шындап кірісті. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бәсекелестері бүгінгі күнге дейін бетегеден биік, жусаннан аласа боп келген. Соңғысы артылған сенімді ақтай алмай, жұрттың біраз ашуын тудырған соң, жеке компанияларға да сұраныс артыпты.

“Зейнетақы жасына жетпей, алдын ала өз зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндігі! Яғни, Заңда зейнетақы жасы қазіргі таңда әйелдер үшін – 58, ер азаматтар үшін 63 болып белгіленсе, зейнатақы аннуитетін 50-55 жастан бастап алуға болады”, – дейді Мемлекеттік аннуитеттік компаниясы Басқарма төрағасының орынбасары Назгүл Сағындықова.

Аннуиттеттік компаниялардың артықшылығы да осы екен. Өйткені, зейнеткерлерге тек жиған сомасын там-тұмдап беретіндерге қарағанда, сақтандыру мекемелері зейнетақыны өмірбақи төлейді. Өлгеннен кейін салымшының келісім-шарт аясында артылған қаржысы артында қалған бала-шағасына төленеді.

Мәселен, 55 жастағы ер адам зейнеткерлігіне 10 миллион теңге салды дейік. Онда ол бірінші жылы-ақ  400 мың теңге қаржы иемденеді. Ал келесі жылы ол қаражат 20 мың теңгеге көбейейді. Осылай әр жыл сайын жалпы сома 5 пайызға көбейе береді.

“Ақшадан қағылу деген әңгіме жоқ мұнда! Тіпті, компания банкрот болғанның өзінде салымдарды кепілдендіру қоры бар. жинақтарға сол кепілдік береді. Бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры да сол принциппен жұмыс істейді. Яғни, шарттарымыз бірдей. Есесіне, салымшы өз таңдауын жасайды”, – дейді Жеке аннуитеттік компания өкілі Максим Примаченко.

Ал соңғы кездері зейнетақы қорына күдікпен қарайтын болған сарапшылар аннуитетке соншалықты сеніп отырған жоқ. Өйткені, зейнеткер мұрагерлерін көрсетуді ұмыт қалдырса, келімісдегі ақша күйіп кетеді екен.

“Мұрагерлік талас басталуы мүмкін. Оның үстіне, олар талап етіп отырған зейнетақы мөлшері тым үлкен. Яғни, ерлерге 10 миллионнан кем болмауы тиіс. Ал мұндай сома кімнің қорында бар дейсіз? Көбісінің жиғаны миллионға да жетпейді есепке сенсек”, – дейді сарапшы Айдар Әлиев.

Рас, аннуитетке кіру үшін ерлердің есебінде кем дегенде  9 миллион, ал әйелдер қауымында 12 миллионы теңге болуы тиіс. Ал ақиқаты сол  салымшылардың көбінің зейнетке шыққандағы жиған сомасы 700 мыңға да жетпейді екен. Оның себебі, жалақының аздығы. Яғни, өмірбақи еңбектенсе де, зейнетінің мөлшері миллионға да жетпейді көпшіліктің. Десе де, келесі жылдан бастап әйелдер зейнет жасының 2027 жылға дейін жыл санап өсетінін ескерсек, аннуитет аналарға 50 жастан бастап демалысқа шығуға бірден-бір мүмкіндік.

Тағы да оқыңыз:

Депутаттың ұлы Аслан Жақыпов Бишімбаевтың былығын жасырмай жайып салды

Тоқмәдидің тікелей кінәсі бар: Бишімбаевтың әйелі сотта мәлімдеме жасады

Қытайда қамауда отырған Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдыры жаңа жылға дейін шешіледі

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар