Кариб теңізіндегі сұлулық байқауына қатысатын қазақстандық анықталды (фото)

Бейсенбі, 4 Тамыз , 2016 13:26

Кариб теңізінің Антигуа аралында 14 тамыз күні өтетін “Miss Regal International” байқауында Қазақстанның намысын “Мисс Қазақстан – 2015” байқауында екінші орын иеленген Әмина Қожанова қорғайды.

11910156_174169182918429_1688629323_n

Фото: instagram.com/amina_kozhanova/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Аталған байқауға қазақстандықтар алғаш рет қатысқалы отыр. Кастингтен кейін Павлодар қаласының 18 жастағы тумасы Әмина Қожанова сұлулар байқауына жолдама алған.

“Халықаралық Miss Regal International байқауында Қазақстанның намысын қорғайтыным үшін шексіз ризамын. Бір күннің ішінде басымнан көптеген жақсы дүниелер өткердім. Өмірімде алғаш рет шетелге жалғыз бардым.  Астанадан Стамбұлға, Стамбұлдан Лондонға, Лондоннан Антигуаға ұштық. Маған қолдау білдіргендеріңіз үшін көп рахмет! Бүгін қатысушылармен бас қосып, бір-бірімізбен таныстық.

10729175_724414954317644_1991205138_n

13731401_1043930329016192_678533910_n

13732157_1628956467416608_1405846925_n

Олар әлемнің түкпір-түкпірінен келген екен. Мені бәрінен Кариб теңізі өзіне еліктіре түскендей болды. Табиғатынығ сұлулығын сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Қайда барсаң, какос, банан, манго сынды жемістердің өсіп тұрғанын көресің. Қысқасы, алған әсерім мен жаңалықтарымды жиі бөлісіп отыратын боламын.

Безымянный

image

13741166_1746640948943345_768929886_n

Туысқандары мен жақындарыма қолдаулары үшін тағы да алғыс айтамын! Дәл қазір маған бәрінен қолдауларыңыз артық болып тұр”, – дейді Әмина Қожанова. Дәл қазір бойжеткендер байқауға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Сұлулық байқауы жеңімпаздарының сахна мен шынайы өмірдегі бейнелері (фото)

Сұлулық байқауының жеңімпазы қатерлі дертпен ауырамын деп жалған айтып ақша жинаған

Қазақстандық Уфада өткен сұлулық байқауында “Жаңашыл ару” аталымын жеңіп алды

“Қазақ аруы” байқауынан кейін бағы жанған сұлулар

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар