Сұлулық байқауының жеңімпазы қатерлі дертпен ауырамын деп жалған айтып ақша жинаған
Америкалық Miss Pennsylvania сұлулық байқауының жеңімпазы 2 жылдан 4 жылға дейін түрмеге жабылды.

Сурет: rus.tvnet.lv
Ол қатерлі дертпен ауырамын деп жалған айтып, осы дерттен емделу үшін қайырымдылық қаражатын сұраған. Оған желі қолданушылары 30 мың доллардай ақша аударған.
24 жастағы Брэнди Уивер-Гэйтстің айтуынша, ол бір жылын түрмеде өткізген. Алайда, сот шешімі енді шыққан. Ол сондай-ақ желі қолданушыларынан түскен табысын да қайтаруға міндетті. Мәліметке сүйенсек, қызға 165 адам көмектескен.
Өзінің айтуынша, айыпталушы жақындарының назарын аудару үшін осындай қадамға барған.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды