Қарақат Қыдырәлінің өзіне ән арнағанын айтып мақтанды

Сәрсенбі, 7 Қыркүйек , 2016 16:47

Жұлдызды жұп Қыдырәлі мен Қарақат алғаш рет «Аяулым» әніне бейнебаян түсіріп, халықтың жүрегінен орын алған еді. Клиптегі сәби Бекболат Болманның есейіп, ер жеткенін ескерсек, бұл туындының да шыққанына бірталай жыл болғанын аңғару қиын емес. Осы мерзім ішінде екеуі махаббат жайында талай ән орындады. Ал кеше Қарақат Қыдырәлінің өзіне ән арнағанын айтып, мақтанды.

14269061_1663096810684425_1838426139_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Жыласам мен жылайын, жылама сен
Құласам мен құлайын, құлама сен
Дәл осы болмысыңды сүйем жаным
Болсаң да бұдан әсем ұнамас ең…

Қыдырәлінің орындауындағы маған арналған ән деп қояйыншы», – деп жазды Қарақат желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары отандық шоу-бизнесте ойып тұрып орнын тапқан жұлдызды жұптың махаббатына, бір-біріне деген шексіз құрметіне сүйсінді.

«Қыдыр аға сүйіктісін қалай еркелетсе де жарасады. Қарақат та соған лайық. Әйеліңізді еркелетіп, мақтаған сайын, гүл сияқты құлпырып отырады», «Үлгі тұтатын жұп», «Қарақатқа ризамын, үнемі жолдасының ең жақсы екенін айтып отырады», «Жұптарыңыз ешқашан ажырамасын», «Қарақат ерін сыйлаған, Қыдыр жарын сыйлаған қазақтың текті ұлы мен қызы екеніне көзім жетеді.Себебі 4 ұлды өмірге əкелген анадан жасандылық көре алмаймын», – деп жазған желі қолданушылары.

Алайда шынайы сүйетінін жариялауды әбестік деп тапқандар да кездесті.

«Адам сонша сүйетіндігін жарнамалай бермейді, жасандылық», «Қарғам дегені біртүрлі екен», – дейді оқырмандар.

Жіберіп алмаңыз: 

Қарақат: Қыдырәлінің аузы дуалы

Қыдырәлі Болманов өзін “Сәуле Әбединованың жолдасы болған” дегендерге жауап берді

Қыдырәлі: АБК-ның дүркіреп тұрған кезінде хат жазып жүрген небір сұлуларға қарай алмадым

Қыдырәлі: Қарақат екеуіміздің 550 адамға арналған тойымызды әкесіне бола жасадым

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар