Қарағандылық қыздың өліміне 14 жасар құрдасы кінәлі болуы мүмкін

Қарағандылық 13 жасар Настя Изотованың өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды. Ата-анасы мен достары қыздың өліміне құрдасын кінәлап отыр. Жасөспірім Настямен бірге бір мектепте оқыған. Бұған қоса, қыздың туыстары осы қайғылы күндері қысымға ұшырағанын хабарлады.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

14 жасар баланың  анасы қайғылы оқиғадан кейін полицияға барып, Настяның ата-анасына шағымданған. Жасөспірімнің анасы қаза болған қыздың отбасын баласына қоқаң лоққы көрсетті деп кінәлап отыр.

«Қайғыдан қан жұтып отырған Настяның ата-анасына полиция қызметкерлері келіп шағым туралы хабарлады. Қыздың отбасына жаны ашығанның орнына, Настяны өлімге итермелеген баланы көбірек жақтап отыр»,-деді қыздың туысы Светлана.

Полиция «өлімге итермелеу» бойынша қылмыстық іс қозғады. Алайда, 14 жасар баланың кінәлі екені дәлелденсе де, ол жазадан оңай құтылып кетеді.Бала кәмелетттік жасқа толмағандықтан оған жаза қолдану мүмкін емес.

Жіберіп алмаңыз:

Астанада түгі қалмай өртенген үйде Құран кітабы ғана жанбай қалған (видео) 

Қызылорда облысының әкімі бір емес, бірнеше жерде айтқан уәдесін орындамай жүр 

Сапарбаев жиналыста ұйықтап қалған шенеуніктерді суретке түсірген тілшілерді сотқа беруді талап етті 

Қарағандыда өзіне қол салған қызға интернеттегі досы жіпке қалай асылуды үйреткен (фото) 

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар