Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық қыз бен жігіт Манхэттенде қазақ тамақтарын ұсынатын мейрамхана ашты

Қарағандылық ағасы мен қарындасы Манхэттеннен қазақ тағамдарын ғана даярлайтын мейрамхана ашты.

Бұл туралы “Хабар 24” жазады.

Жәнібек және Фарида Ғаббасовалар ұлттық асхана негізіндегі мейрамхана ашуды АҚШ-та оқып жүрген кезден ойлаған екен. Бірақ олардың алған білімі мейрамхана бизнесіне мүлде сай емес.

“Бәрі Америкада өз асүйін ашқысы келеді: қытайлар, түріктер, басқа да ұлттар. Неліктен Қазақстан да өз асүйін танытатын орталық ашпасқа. Мәселен Бруклин де өзбек мейрамханасы бар. Бірақ қазақ асханасы Американың бірде бір штатында жоқ. Біз тіпті бұл салада алғашқы қазақстандық атанатымызды да білмедік”, – дейді Фарида Ғаббасова.

Мейрамхана ішінде тек қазақ тағамдары ұсынылып, қазақ әуендері ойнап тұр.

“Бізбен бірге отырып мәзірді құрастырған бас аспаз Нью-Йоркте өте танымал. Әйгілі Роберто Де Ниромен де жұмыс істеген. Дәм сапасы бізге ғана емес, америкалықтарға да ұнау жағын ол басты қаперге алып отыр. Бізде бұл жерде табиғи өнімдер көп. Біздің фирмалық өніміміз waffle dog деп аталады”, – дейді Жәнібек.

Фарида Нью-Йорктегі сән және технология институтын тәмамдап, дизайнер болып жұмыс істесе, Жәнібек Майамиде білім алған. Олар енді мейрамхана бизнесіне шындап кірісіп бауырсақтар пісіріп, басқа да ұлттық дәм қатарын арттырып, адамдарды күні бойы түрлі тамақтармен қамтамасыз етпек.

Мәзірде ет тамағы, қуырдық, палау міндетті түрде болады.

“Америкалық компания өкілдері хабарласып, палаудың не екенін сұрады. Біз бәрін түсіндіріп, суретін жіберген едік олар қызығушылық танытты. Бұл олар үшін ерекше тамақ. Біз алып барған кезде оларға қатты ұнады”, – дейді ресторатор Жәнібек.

“Біз мейрамхананы «Siblings» деп атадық. Бұл аударғанда “туған аға-әпке” деп аталады. Америкалықтар үшін бұл өте жылы атау. Біз Америкада адамдардың Қазақстан туралы көбірек білгенін қалаймыз. Олар Қазақстан халқын өте тәрбиелі деп біледі. Бізге ерекше құрмет көрсетеді”, – дейді олар.

Жіберіп алмаңыз:

Марқұм иесін теледидардан көрген ит экранға телміріп, көптің жүрегін елжіретті

Эйр Астана ұшағы Қытайда апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды

Анасы қасына алып жатқан сәбиін басып кетіп өлтіріп қойды

Күйеуінен бала көтерген жүкті ер адам табылды

Талқылау