Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы қасына алып жатқан сәбиін басып кетіп өлтіріп қойды

Сәбиді қасына алып жатқан ата-анасы теледидар көріп жатып ұйықтап кеткен.

Оқиға Ұлыбританияда болған. 23 жастағы жас ана Лорен Джордан жаңа туған сәбиін қасына алып жатқан. Күйеуі екеуі теледидар көріп жатып көзі ілініп кетеді. Оянғанда баласы өлі күйінде болған.

Анасының айтуынша, баласы екі бөтелке сүт ішіп алған соң ұйықтамай қойған. Сондықтан қасына алып жата тұрмақ болыпты. Дәрігерлер сәбидің өлімінің неден болғанын нақты айта алмай отыр. Болжам бойынша, сәби кенеттен қайтыс болған немесе ата-анасы ұйықтап жатып басып кеткен.

“Біз байқаусызда ұйықтап кетіппіз. Бұл өзгелерге сабақ болсын. Ата-аналар сәбиін қасына алып жатпау керек”,  – дейді Лоран Джордан.

Тағы да оқыңыз:

Күйеуінен бала көтерген жүкті ер адам табылды

Танымал бизнесмен қалыңдығының көзіне шөп салған видеосын көрсетіп той үстінде масқара қылды

Атырауда көздері көрмесе де бір-біріне ғашық жұп тұрады (фото)

Талқылау