Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Эйр Астана ұшағы Қытайда апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды

Қытайда “Эйр Астана” әуе компаниясының ұшағы апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды.

Бұл туралы блогер және экономикалық шолушы Денис Кривошеев Фейсбуктегі парақшасында жариялады. Блогердің айтуынша ұшақтың шассиі ашылмай қалған.

“Бұл жаңалық расталады, Эйр Астана әуе компаниясының ұшағы апатты жағдайда қонды. Ұшақ Сэмянь қаласындағы Гаоци халықаралық әуежайынан ұшып шығып, сосын портқа қайта оралған. Дерек көздердің мәліметінше шассиден проблема шыққан. Траектория бойынша ұшақтың 20-дан астам айналым жасап қона алмағанын байқауға болады. Түсініктеме күтеміз”, – деп жазады ол.

“Әуе кемесінде Алматыға дейін жететін бензин қоры болғандықтан қажетті қону салмағына дейін түсіру үшін әуежай аумағында үш сағат бойы ұшып жүрген. Ұшақ Алматы уақыты бойынша 12:20-да штаттық режимде қонды. Лайнерде 2 ұшқыш пен 2 инженер болған. Қазіргі кезде HAECO компаниясының техникалық қызметкерлері ақауды реттеп жатыр”, – деп жазады шолушы.

Жіберіп алмаңыз:

Джеки Чанның қызы гомосексуал екенін мойындады

24 сағат бойы телефоннан көз алмаған бойжеткен соқыр болып қалды

Балабақша күзетшісі 4 жасар балаларды тірідей өртеп жіберді

4 айлық бала өзін құтқарып қалған полицейге қарап күлді

Талқылау