Қарағандыдағы стоматологиялық клиникалардың бірінде 2 жасар бала қайтыс болды

Қарағандыдағы стоматологиялық клиникалардың бірінде 2 жасар бала қайтыс болды. Қайғылы оқиға орын алған отбасының досы Ольга Никулина 22 ақпанда орын алған жағдай туралы айтып берді.

Бұл туралы Еkaraganda.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Әйелдің сөзінше, Семён маусым айында екі жасқа толады екен. 22 ақпанда Семённің ата-анасы оны Қарағандыдағы жеке меншік стоматологиялық клиникалардың біріне апарыпты. Дәрігерлер баланың тісіндегі тісжегіні наркоздың көмегімен емдеуді ұйғарған. Алайда тамыр ішіне жіберілген анестезия салдарынан бала анафилаксиялық шок алып, артынан қайтыс болыпты.

Ольга Никулинаның айтуынша, баланың ата анасы Ресей Федерациясының азаматтары екен.

«Біз әскери қызметкерлерміз. Қазақстанда келісімшарт бойынша қызметімізді өтеп жатырмыз. Семённің тісінде тісжегі пайда болды. 8 тісінде қаңғұрт болған еді. «TINY DENT» клиникасына барып, сол жерден ем қабыладау шешілді. Баланың анасы оның кейбір ас түрлеріне аллегриясы бар екенін дәрігерлерге ескертті. Анестезия салар алдында дәрігерлер аллергия бар-жоғын тексерген жоқ»,  – дейді Ольга.

Әйелдің айтуынша, Семёнге анестезия салған бойда оның жағдайы нашарлап, артынан жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер оны құтқармақ болған. Алайда түк шықпағаннан кейін, жедел жәрдем шақырыпты. Бұл кезде Семён 5 минут шамасында клиникалық өлім жағдайында болған. Шақырылған жедел жәрдем тез жетіпті.

«Жүрегі қайтта соға бастады. Оның ауруханаға алып кетіп, жан сақтау бөліміне жатқызды. Жүрек қызметі тоқтағандықтан, өкпесі мен миы қабынған. Біраз уақыттан кейін миы қызметін тоқтатты», – дейді Ольга.

Баланың ата-анасы полицияға шағымданған. Ал Семённің денесін жерлеу үшін Ресейдің Омбы облысына алып кетіпті.

«Олар жерлеу рәсімінен кейін қайтып келеді. 25 күнге еңбек демалысын алған. Бұл сұмдық жағдай», – дейді Ольга Никулина.

Ал аталған клиника қызметкерлері болған жайды растағанымен, қандай да бір мәлімет беруден бас тартты.

«Клиникада мұндай жағдай болды. Баланы жедел жәрдем алып кетті. ол кезде тыныс алып жатты. Жүрегі соғып тұрған. Жедел жәрдем осындай халде алып кетті. Мұнан басқа ештеңе айта алмаймын», – дейді клиника әкімшісі Динара.

Ал  Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы аталған фактіге қатысты 26 ақпанда мәлімдеме жасауға уәде берді.

Оқи отырыңыз:

Астанада ауыр дертке шалдыққан шымкенттік 10 жасар қыз көз жұмды

Ғалымдар жүрек талмасына алып келетін дәрілерді атады

Жеміс шайы денсаулыққа зиян болып шықты

Ғалымдар теледидар алдында ұзақ отырудың қауіпті екенін анықтады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
23.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар