Астанада ауыр дертке шалдыққан шымкенттік 10 жасар қыз көз жұмды

Ауыр дертпен бес жыл күрескен шымкенттік он жастағы Лаура Сағатова қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайтыс болған Лаура Сағатованың анасының сөзінше, Шымкенттегі қалалық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан қыз өткен күні комаға түсіпті. Кеше көзін ашқанмен тым әлсіз болған. Ал түс қайта Шымкентке Астанадан санавиация ұшағы жеткен.

«Бізді кешке қарай Астанадағы Ана мен бала орталығына алып кетті. Ол жаққа жеткен бойда қызымды жансақтау бөліміне жатқызды. Енді бүгін таңғы сағат 8-де оның көз жұмғанын айтты. Дәрігерлердің айтуынша, артық мазаламай, Шымкентте қалдыра бергенде дұрыс болушы еді. Ұшақпен бекер ұштық», – дейді Айнагүл Елтаева.

Қазіргі уақытта мәйітті Шымкентке қайтару мәселесі қарастырылып жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін ОҚО-да салмағы 11 келі ғана болатын 10 жасар қыз бала жансақтау бөлімінде жатқанын жазған едік. Лаура Сағатоваға дәрігерлер 5 жылдан бері диагноз қоя алмаған.

Оқи отырыңыз:

Ғалымдар жүрек талмасына алып келетін дәрілерді атады

Жеміс шайы денсаулыққа зиян болып шықты

Ғалымдар теледидар алдында ұзақ отырудың қауіпті екенін анықтады

Астанада қоғамшылдар туберкулезге шалдыққан науқастарды іздейтін болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар