Ғалымдар жүрек талмасына алып келетін дәрілерді атады

Тайваньда ғалымдар әлем бойына кең тараған ауруды басатын 5 дәрінінің денсаулыққа қауіпті екенін анықтады, деп хабарлайды British Journal of Clinical Pharmacology басылымына сілтеме жасап Stan.kz  ақпараттық агенттігі.

Анықталғандай, ибупрофен, диклофенак, целекоксиб, мефенам қышқылы және напроксен дәрілері инсульт немесе жүрек талмасына алып келуі мүмкін.

Тайвань ғалымдар зерттеулерінде қан қысымы жоғары 56 мың ересек адамның мәліметтерін зерттеген. Нәтижесінде жүргізілген талдау ифупрофен дәрісін қабылдаған 330 адамның бірі 4 апта ішінде жүрек талмасы ұстағанын көрсетті. Сондай-ақ, целекоксиб дәрісін қабылдаған 105 адамның біреуі де инсульт алған.

Жүрек талмасы немесе инсульт диклофенак және напроксен дәрілерін қабылдаған 245 және 214 адамның біреуінде кездесіпті.

Аталған 5 дәрінің ішіндегі анағұрлым қауіпсізі мефенам қышқылы болып табылады. Бұл дәріні қабылдаған 394 адамның біреуінің жүрек талмасы ұстаған екен.

Оқи отырыңыз:

Жеміс шайы денсаулыққа зиян болып шықты

Ғалымдар теледидар алдында ұзақ отырудың қауіпті екенін анықтады

Астанада қоғамшылдар туберкулезге шалдыққан науқастарды іздейтін болды

Елімізде бала туу жасындағы әйелдер скринингтен өтуі керек

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
19.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар