Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда жол полицейі адамдарды құлдықта ұстап келген

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында үш ағайынды бауырлар төрт адамды өз еркінсіз жұмысқа салып келген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

120421kpkid15_a8b26

Рамазан Шалғынбаев, Нұртай және Ербол Ынтықбаевтар төрт ер азаматқа қыстақта қинап жұмыс істетіп, еш жағдайы жасалмаған жерге тұрғызған. Олар жұмысшыларға еңбегі үшін ақша да төлемепті.

Бұл іс «жұмыс күшін пайдалану мақсатында ұрлап әкетуге қатыссыз, заңсыз бас бостандығынан айыру» бабы бойынша қарастырылып жатыр.

«Бес ағайындының бірі – аталған шаруа қожалығының иесі – жол патрульдік полициясының қызметкері болып шықты. Ол Қарағандыдағы жергілікті полиция қызметінде жұмыс істейді», – дейді еңбек құлдығының құрбанына айналған азаматтардың қорғаушысы Шырын Әмірғалиева.

Құлдықтағы азаматтың бірі қыстақтан қашып шығып, полицейлерге хабарласқан. Құлдықтағыларды облыстық ІІД-нің қызметкерлері құтқарды.

Тағы да оқыңыз:

Павлодарда жақында ғана бір адам көз жұмған дәмхана маңында тағы төбелес болды (видео)

Ғалымдар адамның денсаулығы туған айына байланысты екенін анықтады

Өскеменде полицейлер көшедегі қызға жыныс мүшесін көрсеткен ер адамды босата салды

Сарапшы: Шындығында емші бала Ербосынның адамдарды емдей алатын қасиеті жоқ

Талқылау