Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда жақында ғана бір адам көз жұмған дәмхана маңында тағы төбелес болды (видео)

Жарты ай бұрын дәмхана маңында болған төбелесте бір адам қаза тапқан болатын.

8c81cd1c3b4401b8bb35c09849846186__980x

Павлодар қаласында “Арай”дәмханасы маңында 11 маусымда болған төбелес салдарынан бір адам көз жұмған еді, кеше түнде сол жерде тағы да қақтығыс туындады, деп жазады Instagram желісіндегі “Типичный Павлодар” парақшасы.

Арай” дәмханасының жанында әлгінде ғана төбелес болып, ер адам қаза тапқан еді! Содан бері бір ай да өте қойған жоқ, 2017 жылғы 26 маусымда таңғы 4 кезінде жаппай төбелес тағы қайталанды. Бұл жолы “4 комнаты” клубының күзетшілері екі жігітке жабылды. Қатты соққыдан жігіттердің бірі есінен танып қалған, оны жедел жәрдеммен алып кетті.  Біз, Естай 81/1 үйінің тұрғындары, бұл жерден өтуге қорқатын болдық. Әкім Болат Жұмабекұлынан осы мәселені шешіп беруін сұраймыз! Қолдау көрсетеді деп үміттенеміз!”, — делінген әлеуметтік желідегі үндеуде.

Бұдан бұрын Павлодарда “Арай” сауда үйі маңында 11 маусымда болған төбелеске 10 адам қатысып, біреуі пышақ жарақатынан қаза тапқан еді.

Только недавно была #арайдрака, где погиб мужчина! Не прошло и месяца с того инцидента, как в ночь на 26 июня 2017 около 4х утра произошла очередная массовая драка около Арая. В этот раз охранники Клуба ‘4 комнаты’ числом задавили 2х парней, один из которых у результате драки потерял сознание от ударов.😨 его погрузили в скорую и везли. – Нас жителей дома Естая 81/1 беспокоит наша безопасность, возвращаться домой мимо этого заведения опасно. Мы просим акима Булата Жумабековича подключиться к решению этой проблемы! Надеемся на поддержку! – ✉️От подписчицы #драка_у_4комнаты

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo)

Тағы да оқыңыз:

Ғалымдар адамның денсаулығы туған айына байланысты екенін анықтады

Өскеменде полицейлер көшедегі қызға жыныс мүшесін көрсеткен ер адамды босата салды

Сарапшы: Шындығында емші бала Ербосынның адамдарды емдей алатын қасиеті жоқ

Талқылау