Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде полицейлер көшедегі қызға жыныс мүшесін көрсеткен ер адамды босата салды

Облыс орталығынан жас қыз полицейлерге хабарласып, ер адамның өзіне жыныс мүшесін көрсеткенін айтқан.

eksgibicionist_1

Соңғы кезде облыс орталығында көшедегілерге жыныс мүшесін көрсететін эксгибиционист ер адам кезіп жүр деген әңгіме тараған еді, деп жазады YK-news.kz.

Ол оқу ғимараттарының қуыстарында жасырынып жүреді. Бойжеткен оны мектеп жанынан көргенін айтты. ІІД-нің мәліметінше, полицейлер күдікті ер адамды ұстаған.

«22 мамыр күні жас қыз полиция бөлімшесіне хабарласты. Айтуынша, 40-45 жастағы ер адам жыныс мүшесін көрсеткен. Полицейлер ер адамды ұстап, одан жауап алды. Күдікті дәрігерлер денесіне қойып берген аппараттың себебінен жыныс мүшесін көрсеткенін айтып ақталды. Оған дәрігерлер кіші дәретке бару үшін катетер орнатып, беліне байлап берген. Өзінің айтуынша, катетерді алып дәрет сындырмақ болғанда оны бойжеткен көріп қалып шошып кетіпті. Бұл іске байланысты қылмыстық әрекет табылмағандықтан полицейлер ер адамды босатты», – дейді ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыз:

Сарапшы: Шындығында емші бала Ербосынның адамдарды емдей алатын қасиеті жоқ

Трамптың шешімімен биыл Ақ үйде Ораза айтқа орай қонақасы берілмейді

Қостанайда жоғалып кеткен бала өлі күйінде табылды

Талқылау