Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда көлік ішінде жанып кеткен баланың ата-анасы 5 жылға қамалуы мүмкін

Қарағандыда көлік ішінде өртеніп кеткен баланың ата-анасы бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

2016-09-02____22

Қазіргі таңда полицейлер қайғылы оқиғаның қалай орын алғанын анықтау үстінде.

“Іс тіркеуге алынып, ҚР ҚК 141 бабы 2 бөлімі “баланың өмірі мен қауіпсіздігі кезінде өзінің міндетін дұрыс атқармай, өлім жағдайына жеткізу” бойынша қылмыстық іс қозғалған. Зерттеу жүріп жатыр”, – деді баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Бұл бап бойынша, ата-анасының кінәлі екенін дәлелденсе, олардың әрқайсысы 5 жылдан арқалауы мүмкін. Дегенмен Қарағанды қалалық төтенше жағдайлар қызметі өрттің шығу себебін анықтап жатыр. Мамандар жалынның неліктен көлікті жылдам шарпып кеткенін түсіне алар емес.

Қайғылы оқиға 2 қыркүйек күні Мұқанов көшесіндегі №24 үйдің ауласында болған. Volkswagen Transporter маркалы шағын автобус ішінде көлікпен бірге төрт жасар бала жанып кеткен. Куәгерлердің айтуы бойынша, қайғылы оқиғаға баланың әкесінің көз алдында орын алған.

Қайтыс болған төрт жастағы ұл отбасындағы үшінші бала. Анасы бала тәрбиесімен айналысса, әкесі жанып кеткен автобус арқылы тасымалдаумен айналысады екен.

Талқылау