Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда қираған үйдің астында анасы алты айлық сәбиімен бірге қалып көз жұмды (фото)

Қарағандыдағы Шахан кентінде қираған үйдің тұрғыны болған оқиға туралы пікірін білдірді. Бұл туралы BNews.kz хабарлады.

29cde88a39fecd1455c0e08cd264c333

«Туған ағам Владимир Алексеенкоға хабарласа алмай отырмыз, ол қазір вахтада, оның жұбайы Елена Алексеенко (24 жаста) алты айлық сәбиімен бірге үйде болатын. Біз 5 қабатта тұратын едік. Менің де үйде болуым керек еді, бірақ мен балаларымды көру үшін әйеліме кеткен едім. Бұл жерден кеше таңертең кеттім. Оқыс оқиға жайында белгісіз нөмірден түскен қоңыраудан білдім. Маған подъезіміздің жарылып кеткенін хабарлады. Негізі басқа мекен-жай бойынша тіркелгенмін, бірақ осы жерде тұратынмын», – дейді А.Алексеенко.

90899b9c2291678777042e4b81e3e303

Оның сөзіне қарағанда, тұрғын үйден ең бірінші болып оның анасы эвакуацияланған. Оның жағдайы жақсы.

aad11dc963780d3184c41554b70e14f3

Одан бөлек, Алексеенко жеңгесі мен сәбиінің көз жұмғанын хабарлады.

Айта кетейік, оқыс оқиға 2017 жылдың алғашқы күні сағат 22.40-та орын алды. Үйдің қалған бөлігінің тұрғындары эвакуацияланды.

Соңғы мәлімет бойынша тоғыз адам қаза тапты. Олардың арасында үш ере адам, үш әйел адам және үш бала бар.

Зардап шеккен отбасыларға материалдық көмек көрсетілетін болады.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағанды облысында қираған үйдің астынан екі адам аман-сау шығарылды

Желіде Ыстанбұлдағы клубқа жасалған шабуылдың видеосы пайда болды (видео)

Қарағандыдағы үйдің құлауына қазандықтың жарылуы себеп болған

Әйелін туған балаларынан қызғанған еркек онымен 20 жыл сөйлеспей қойған

Талқылау