Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында перезентханада қайтыс болған ана мен нәрестенің өлімінің себебі аталды

Қарағанды облысының Ботақара аудан орталығындағы перзентханада қайтыс болған 34 жастағы босанушы әйелдің аман қалуға еш мүмкіндігі болмаған. Ішкі тергеу жүргізген жергілікті шенеуніктер осылай деп отыр, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Қарағанды облысында перзентханада босанған ана мен нәрестенің өлімінің себебі белгілі болды

Мамандардың сөзінше, олардың құтқару мүмкін болмаған. Нәресте жолдасының қабатталуы мен пневмония салдарынан шетінеп кетіпті. ал анасы эмболия, яғни қағанақ суының қан тамырларына түсіп кетуінің салдарынан қайтыс болған.

Тексеріс кезінде комиссия бірқатар бұзушылықты анықтады. Аудандық дәрігерлер әйелге қан талдауы мен кардиограмма жасамаған екен. Алайда бұл қателіктердің олардың өліміне қатысы жоқ, дейді мамандар.

«Олар (ред. дәрігерлер) бұл жағдайда ештеңе істей алмайтын еді. Жүктілікің дамуына, оның осылай аяқталуына әсер ете алмайды. Себебі қағанақ суының эмболиясы – сирек кездесетін жағдай. Әлемдік статистика бойынша, мұндай жағдай 20 мың босанушының арасында бір кездеседі», – дейді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Гүлбан Мамалинова.

Оқиғаға қатысты іс материалдары аяқталып, онда аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.

Ал марқұм Қадиша Дәрменбаеваның күйеуі әу бастан қайғылы жағдайға дәрігерлерді кінәлаған еді. Сондықтан екі баласымен қалған әке әйелі мен сәбиінің өлімінен кейін анестезиолог пен аурухана директорына жұдырық ала жүгірген. Ол төбелес шығарғаны үшін айыппұл төлеуі немесе 15 тәулікке қамалуы мүмкін.

Еске сала кетсек, Қарағанды облысында перзентханада әйелі мен баласынан айырылған ер адам анестезиолог пен аурухана директорына шабуылдап, жұдырық жұмсаған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау