Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында 7 жыл бұрын жоғалып кеткен ер адам емханада медициналық тексерістен өтіп келген

Қарағанды облысының Ақтау аулында 7 жыл бұрын жоғалып кеткен ер адамның туыстары оның өлімін дәлелдей алмай жүр. Белгілі болғандай, осы уақыт ішінде ер адамның атынан әлдекімдер медициналық тексерістен өтіп келіпті, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Қарағанды облысында 7 жыл бұрын жоғалып кеткен ер адам емханада медициналық тексерістен өтіп келген

Виктор Дорофеев Теміртаудағы кәсіпорындардың бірінде жұмыс істеген. Ол 2011 жылы із-түзсіз жоғалып кетіпті. Туыстарының сөзінше, 7 жылдан кейін сот оның қайтыс болғанын мойындауы үшін құжаттар дайындауды ұйғарыпты. Алайда артынша осы уақыт ішінде зейнеткер ауылдық емханада екі рет тексеруден өткені анықталған. Соның салдарынан Дорофеевтің өлгенін дәлелдеу мүмкін болмай отыр.

«Бұл жағдайды неге полиция емес, сот анықтап отыр. Сондықтан олардың іздегендеріне де үлкен күмән бар. Екіншіден, оның іздеуде жүгенін ауыл дәрігерлері жақсы беледі. Скринингке келген болса, полицияға неге хабарламаған? Тым құрығанда емханаға келсе, шағын ауылдың тұрғындары оны неге көрмеген», – дейді Виктор Дорофеевтің туысы Маргарита Дорофеева.

Емханадағы құжаттарға сенсек, Виктор Дорофеевтің жоғалып кеткеннен кейінгі 7 жыл ішінде қан тапсырып, флюорография түскен. Сонымен қатар қуық безін де емдепті.

Бұл жағдайдан кейін ауруханада ішкі тескеріс басталды. Теміртаудағы №4 емхананың директоры Алтынай Есқалиева ол жылдары емханада жұмыс істеген дәрігерлердің басқа жаққа ауысып кеткенін айтып ақталды.

«Бұрынғы дәрігерлер қазір мұнда жоқ. Пациент келген де шығар, оны мен білмеймін ғой. Ем қабылданды деген құжаттар бар екен. Бірақ мен қазір нақты ештеңе айта алмаймын. Ішкі тексеріс басталды. Бәрін жіті тексереміз», – дейді ол.

Ал Виктор Дорофеевтің туыстары істің мән-жайын анықтау үшін полицияға шағымданған. Туыстарының пікірінше, дәрігерлер аурухананың көрсеткішін жақсарту үшін, Дорофеевтің атына жалған анықтамалар жазған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау