Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қапшағайда сатушы клиентінің 1 млн. 430 мың теңгелік бұйымдарын ұрлап алған

Қапшағайда сатушы-консультант ұрлық жасағаны үшін үш жылға шартты жаза алды.

backg

Сурет: yuvelirnyeukrasheniya.ru 

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қапшағай қалалық соты ұрлық жасаған сатушы-консультантқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Іс материалы бойынша бір әйел сатушы-консультант бола жүріп, суараластырғыштар үшін үнемдейтін прибор сатумен айналысқан.

Өнімін сату мақсатында сатушы өзінің әріптесімен бірге өз өнімін жарнамалау үшін бір пәтерге барған.

Құрбысы үй иесіне тамаша приборды таныстырып жатқан кезде, сатушы әйел пәтер иесінің 50 мың теңгесі мен 1 млн. 430 мың теңгенің зергерлік бұйымдарын қолды қылған.

Сот үкімімен Қапшағай тұрғыны ҚР ҚК 188-бабы, 3 бөлімінде көзделген қылмысты жасауға айыпты деп танылып, үш жыл мерзімге дейін шартты жаза түрінде бас бостандығынан айыру тағайындалды.

Жіберіп алмаңыз:

Атырауда 7 млн теңге тұратын алтын бұйымдарды ұрлаған үш күдікті ұсталды

Талқылау