Қаңғыбас иттерден қауіптенген Астана ауылының тұрғындары жұріп-тұрудан қалды

Иесіз иттер бүтін бір ауылды емін-еркін жүріп-тұрудан қалдырды. Тұрғындарға қарсы шауып, қауып алатын қаңғыбас иттер көшеде өріп жүрген көрінеді. Астана іргесіндегі Қосшы ауылындағылар осылай деп дабыл қағуда. Тіпті құтырған ит қауып, ауруханадан бір-ақ шыққан жандар да жоқ емес.

Балаларының өміріне алаңдаған ата-ана, жұмысын тастап, оларды мектепке өздері апаруға мәжбүр. Кіші түгілі, ересектен қорықпайтын төрт аяқтыларды елдімекенге әлдекімдер әкеліп тастапты. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

30 жастағы Гаухар Байымбетова 2 баланың анасы, оған қоса 3-шісіне аяғы ауыр. Балалары бастауыш сыныпта оқиды. Жолдасы жұмыста болғандықтан, сабаққа апарып-әкелу өз мойнында. Өйтпеске шара жоқ. Көше толы қаңғыбас иттер қауып ала ма деп қорқады. Мектепке зорға барып-келеміз дейді.

«Менің естуімше ол иттерді қаладан әкеліп тастайды. Үйінде ұстап кейін керек болмай қалған шығар. Мүмкін ауру болды ма, сол иттердің барлығын қаладан ауылға әкеп тастайды екен. Олар осы ауылда он шақты болып жүреді. Топырлап жүрген иттер адам өміріне қауіпті ғой. Біз қашанға дейін, олар қауып алады деп күтіп жүреміз. Ауруханадан бірақ шыққанша осыған шыдап жүруіміз керек пе», – дейді Қосшы ауылының тұрғыны Гаухар Байымбетова.

Жалғыз Гаухар емес. Ауыл тұрғындарының барлығы төрт аяқтылардың зияны тиіп кете ме деп қорқады.

«Жабайы ит болғаннан кейін 5-6 күшіктен туады, оның үстіне бәрі аш» – дейді Қосшы ауылының тұрғыны Нұрлан Жұмахметов.

Қаңғыбас иттер әсіресе қоқыс жәшіктерін жағалайды. Өйткені, өздеріне керек азықты осы жерден табады. Керегін жейді, қажетсізін шашып кетеді екен. Оған тұрғындар наразы.

«Иттер мұнда өте көп. Бүгін сіздердің келетіндеріңізді біліп мына жерді тазалап кеткен секілді. Әйтпесе, мен осы үйде тұрамын. Екі жәшік толып кетеді де, қоқыстар жан-жақтан шашылып жатады. Күн жылыса мүлдем сасиды. Әрине қоқыс жатқан жерден иттер шықпайды» – дейді Қосшы ауылының тұрғыны Зәлелбек Ахметов.

Тұрғындардың айтуынша, кейбір иттер тіпті қарғыбаумен де жүреді. Ол иесі бар төбеттер. Алайда, өзгенің қауіпсіздігіне алаңдамаған қожайындары төрт аяқтыларын өстіп тайраңдатып қояды екен.

«Екі-үш адамды ит тістеді. Балаларды алабай иттер қуалаған соң иелеріне айтсақ, қаппайды дейді. Анау-мынау деп құтылады. Енді әкімдікке барамыз, қалай шешерімізді білмейміз» – дейді Қосшы ауылының тұрғыны Дүйсенбай Сүкеев.

Мәселенің шешілетін түрі жоқ. Өйткені, олардың саны көбеймесе, азаймай тұр дейді тұрғындар.

«Маған үлкен алабай шабуыл жасады», – дейді иттен қорқып қалған оқушы Бейбарыс Шалдекенов.

Жергілікті әкімдік болса, бұл мәселені шешудеміз деп сендіруде. Былтырғы жылдың өзінде 5 млн 350 мың теңге бөлініп, оған Целиноград ауданы бойынша 2140 ит өлтірілген.

«Биылғы жылғы қаңғыбас ит-мысықтарды аулау үшін жергілікті бюджеттен 6000000 теңге бөлінді. Жылдың басынан бастап аудан бойынша 658 ит  өлтірілді. Оның ішінде Қосшыда 140 иттің көзін құрттық», – дейді Целиноград ауданы шаруашылық жүргізу құқығындағы төрт түлік мекемесінің директоры Өмірбек Төкенов.

Әр итті ұстап, ату үшін 2500 теңге бөлінеді екен. Алайда жасалып жатқан жұмыстардың әлі жеткіліксіз екені аңғарылады. Сондықтан, ауыл тұрғындары үрейлерін алған төрт аяқтылардың азаюын күте-күте шаршадық дейді.

Жіберіп алмаңыз:

Жетімсің деп қорқытады: Алматы облысының оқушылары үш жылдан бері мұғалімнен көрген қорлығын жайып салды

Ырғыз ауданында құтырған мысық ауыл тұрғынына шабуыл жасады 

Рақымжан Отарбаевты қалың ел ақтық сапарға шығарып салды

Қызылордада бастауыш сыныптардың сабағы тоқтатылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар