Қанат Исламның 29 қазан күні жекпе-жекке қандай шапан киіп шығатыны анықталды (фото)

Жұма, 7 Қазан , 2016 17:22

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам өзінің кезекті кездесуін тұңғыш рет Қазақстанда өткізеді. 29 қазан күні болатын бокс кешінде боксшы ганалық Патрик Аллотейге қарсы шықпақ. Бүгін әлеуметтік желіде спортшымыздың сол күнгі жекпе-жекке киіп шығатын шапанының үлгісі жария етілді.

image_l

Бұл туралы Фейсбуктағы Қанат Ислам парақшасы хабарлап отыр.

“Қанат Исламның жекпе-жекке киіп шығатын киімінің дизайны белгілі болды. 29 қазанда Алматыда өтетін жекпе-жекте Қанат Ислам және оның командасы дәл осы үлгідегі киімді киіп шығатын болады”, – делінген хабарламада.

Қазақстандық боксшы ганалықпен болатын жекпе-жекте орта салмақта “WBA Fedelatin” чемпиондық белбеуін қорғайды. Сонымен қатар, “WBO” (Әлемдік бокс ұйымы) тұжырымы бойынша құрлықаралық чемпион және “IBO” (Халықаралық бокс ұйымы) тұжырымы бойынша халықаралық чемпион атағына да таласады.

Бірінші орта салмақ бойынша “WBA Fedelatin” атағын иеленген Қанат Ислам, кәсіпқой шаршы алаңда 21 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетіп, 18 кездесуді нокаутпен ұтқан.

Қарсыласы Патрик Аллотей кәсіпқой мансабы барысында 36 жекпе-жек өткізіп, оның 34-ін жеңіспен аяқтап, 2 кездесуде жеңіліс тапқан.

Қанат Ислам-Патрик Аллотей андеркартында қазақстандық Жанқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Али Ахметов, Айдар Шәрібаев, Айдос Ербосынұлы және Жәнібек Әлімханұлы шығады деп күтілуде.

Оқи отырыңыз:

Аршавин бәсте жеңілген журналистің шашын тақырлап алып тастады

Астанада тұратын Олимпиада жүлдегерлері уәде етілген пәтерлерін әлі күтіп жүр

Айсұлтан Назарбаев Қазақстанда футболдан әлем чемпионатын өткізгісі келеді

Головкин Астанадағы екі пәтерін сатпақшы

Аршавин жылқы еті мен қазыны жақсы көріп жейтінін, бірақ бешбармақты ұнатпайтынын айтты

Евгений Тищенко қазақтарға деген өкпесін айтты

Қазақстандық алты жасар бала каратэден әлем чемпионы атанды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар