Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин Астанадағы екі пәтерін сатпақшы

Атақты боксшы Астананың сол жақ жағалауындағы екі пәтерін сатпақ. Бұл жөнінде ғаламторда хабарландыру жарияланды, деп хабарлайды Today.kz.

Sl3q0LfiB5LI4fDf3ooUG731nGDiXP

Фото:yvision.kz

Жылжымайтын мүлікті сатушы «Витрина недвижимости»компаниясы пәтерлердің «Премьера» кешеніне қарасты екенін, әрі оның әлем чемпионы Геннадий Головкинге тиесілі екенін атап өтті.

Делдалдың айтуынша, пәтерлердің сатылымы 27 қыркүйектен бастап шыққан. Содан бастап телефонға маза жоқ екен. Головкиннің пәтерін алушылар саны көпке ұқсайды. Пәтерлердің бірі – 2, бірі – 3 бөлмелі. Оның аумағы 63,4 және 112,9 шаршы метрді құрайды. Спортшының өзі бұл пәтерлерде тұрмаған. Баспаналар жақсартылған күйде. Сатып алушылар пәтер иесімен саудаласа алады.

Пәтерлердің асүйі мен жатын бөлмелері бөлек. Төбе қабырғасының биіктігі – 3,3 метр. Баспаналар бір аумақта орналасқандықтан оларды біріктіруге де болады. Сатып алушы баспана бағасынан бөлек агенттікке үй бағасының 1 пайызын төлейді.

Жіберіп алмаңыз:

Ары мазалаған қазақстандық азамат Аружан Саинға ерекше өтінішпен келді

«Әлем аруы» атағына үміткер қыз хиджаб киді (фото)

6 жасар қызының порно көруін тоқтата алмаған ана жұрттан көмек сұрады

Алмас Кішкенбаев жұбайынан кешірім сұрап, ел алдында тағы бір рет сезімін білдірді

Талқылау