Ары мазалаған қазақстандық азамат Аружан Саинға ерекше өтінішпен келді

Жұма, 30 Қыркүйек , 2016 17:15

Аружан Саин қорының негізін салушы өз ісіне өкініп, күнәларын жуып-шаю үшін жақсылық жасағысы келген ер адам жайында айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

совесть

Аружан Саин:

“Кеңсемізге ер адам келді. Сырт келбеті келісті азамат. Жасы 45-те. Маған көмекке мұқтаж жанның телефон нөмірін беріңізші деді. Егде жастағы адам болса да, анасы қараусыз қалдырған бала болса да көмек беретінін айтты.

– Мен қалай көмектескіңіз келеді? Ақшалай ма? Дәрі-дәмек алып бересіз бе? Кім болса да көмектескім келеді. Тамақтандырам, күтімін жасаймын.

Мен оған мұның оңай болмайтынын, оған жауапкершілік керек екенін түсіндірдім. Адамды қолға алып, сосын тастап кетуге болмайтынын ескерттім. Сосын ол шындығында біреуге көмектескісі келетінін, неліктен ондай қадамға барғанын ашып айтты.

– Мен өте табысты адам едім. Менде ақша да, қызметім де, бәрі болды. Алайда мен тек өзімді ғана ойладым. Менен көмек сұраған жандарға қол ұшын бермедім. Маған келген адамдар кабинетіме кірмей кетіп қалатын. Мен барлығын тастадым. Мені жақындарым да, отбасым да түсінбеді. Олар бәрінің бұрынғыша болғанын қалайды. Менің достарым да жоқ болып шықты.

– Мен бұдан әрі қарай қалай өмір сүру керек екенін білмеймін. Денім сау, бойымда күшім бар. Мені арым мазалайды. Түнімен көз іле алмаймны. Сондықтан қара жұмыс істесем де өзімді құрметтейтін қалыпқа түскім келеді. Менен сырт айналғандар үшін осылай жасаймын. Істеген әрекеттерімді түзегім келеді.

Достар, мен ол азаматтың кім екенін, оның нендей күнә істегенін білмеймін. Алайда, дәл оның күйін ешкімге бермесін деп тілеймін. Қызметкерлеріміз оған бірнеше адамның телефон нөмірлерін жазып берді. Одан әрі не болғанынан да хабарсызбын. Бірақ ол азаматты құрметтеймін. Ода бәрі оңынан болып, өмірде өз орнын табар деп сенем”.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.

Жіберіп алмаңыз:

«Әлем аруы» атағына үміткер қыз хиджаб киді (фото)

6 жасар қызының порно көруін тоқтата алмаған ана жұрттан көмек сұрады

Алмас Кішкенбаев жұбайынан кешірім сұрап, ел алдында тағы бір рет сезімін білдірді

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар