БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қанат Ислам: Егер Геннадий келіссе, мен онымен рингке шығамын

Бокcшы Қанат Ислам Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында отандасы Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығу туралы сыбысқа қатысты жауап берді.

Канат Ислам
Фото Айтемир Ескенов

Ол “Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығу мүмкіндігі болса, оған келісер ме едіңіз?” деген сұраққа:

– Геннадий екеуміз Қазақстаннан шыққанбыз. Екеуміздің де соққымыз жақсы. Ол да төбелесуден қорықпайды және төбелесе біледі. Біз бір елдің намысын қорғап жүргендіктен екі қазақстандықты бір-біріне қарсы қою керек емес. Ал, егер халық екеуміздің жеке-жекке шыққанымызды қаласа, мен рингке шығар едім. Өйткені, бұл – бокс. Геннадийге тек жеңіс тілеймін. Ол әрдайым еліміздің туын көкке көтеріп, халқымыздың батыры атана берсін деп тілеймін.

Сонымен қатар боксшы қазақстандықтар алдында жауапкершілікті сезінетінін айтты.

– Әр жекпе-жегімде Қазақстан елінің мені қарап отырғанын сезем. Сондықтан жауапкершілікті ұғына түсем. Қазақстан халқының бірлігін мақтан тұта отырып, қолдауына алғыс білдіремін. Халқымыз сабырлы болып, өсіп-өне берсін. Қазақстан жастары үйде отырмай шетел асса, еліміздің көк туын желбіретсе, құр босқа жүрмей жұмыс істесе екен деймін, – дейді Ислам жанкүйерлеріне.

Бұған дейін Қанат Исламның менеджері Нельсон Лопес әр түрлі салмақта боғланынына қарамастан Қанаттың Головкинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеген еді.

Кеше қазақстандық боксшы кәсіби рингте 21-төбелесін өткізіп, қарсыласын 6-раундта нокаутқа түсірген болатын.

Автор: Айтемир Ескенов

 

Загрузка...
Қазір оқып жатыр