Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық арна Қанат Ислам мен Хуан де Анхель арасындағы тікелей көрсетілімді бастады

АҚШ-тың Флорида штатындағы Лейкленд қаласында кәсіпқой бокстан WBA Fedelatin және WBA FideCaribe нұсқалары бойынша Әлем чемпионы Қанат Ислам мен Хуан де Анхель арасындағы бокстың көрсетілімі “Қазақстан” ұлттық арнасында тікелей эфирден көрсету басталды.

image

Фото: Жұлдыз Ерік (қазіргі сәт)

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, жерлесіміз Қанат Исламның бұл 21-і кездесуі. Ол бұған дейінгі жиырма кездесуінің барлығында жеңіске жетіп, оның 17-ісінде қарсыластарын накаутпен сұлатқан.

Жерлесіміздің қарсыласына келсек, ол да осал боксшы емес. Қанат Ислам 2012 жылдан кәсіпқой бокста болса, колумбиялық Хуан Де Анхель 2008 жылдан бері кәсіпқойлар арасында жекпе-жектер өткізіп келеді. Шаршы алаңдағы 22 кездесуінде ол ең алғашқы жекпе-жегін тең нәтижемен аяқтап, үш кездесуде қарсыластарына есе жіберсе, 18 рет жеңіс тұғырына көтерілген. Екі боксшы да АҚШ-та жаттығады әрі екеуі де “Nelson Lopez Jr” промоутерлігінің боксшылары.

Еске сала кетейік, бұл Қанат Исламның кәсіпқой бокстағы ұлттық арнадан тікелей көрсетіліп отырған алғашқы кездесуі. Жекпе-жекті АҚШ-тың “Bounce” телеарнасы да тікелей көрсетеді.

Кеше екі боксшы кездесу алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Қанат Исламның салмағы 69,8 келі, ал оның қарсыласы колумбиялық Хуан де Анхельдің салмағы 69.3 келі болған еді.

Жекпе жекті телеарнаның сайтынан онлайн көруге болады.


Оқи отырыңыз:

Қанат Ислам мен Хуан де Анхель жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті (фото)

Нельсон Лопес: Қанат Ислам супержұлдыз болады

 

Талқылау