Қанат Ислам 2017 жылдың үздік спортшысы атанды
Қанат Ислам еліміздің “Жыл таңдауы” жобасының нұсқасы бойынша жылдың үздік спортшысы атанды.
Сурет: ҚазАқпарат
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Қанат Ислам “Жыл таңдауы” жобасының нұсқасы бойынша жыл спортшысы атанды. Кəсіпқой рингте 25 кездесу өткізіп барлығында жеңіске жеткен, оның 20-сын нокаутпен ұтқан ұлтымыздың мақтанышы, WBA intercontinental, WBO NABO чемпиондық белбеуінің иегері Қанат Ислам “Қазақстандағы №1 жыл таңдауы” – “Алтын адам” сыйлығының лауреаты жəне “Жыл спортшысы” атанды”, – дейді Қанат Исламның PR-менеджері Берік Сұлтан Facebook желісіндегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетсек, отандасымыз соңғы жекпе-жегін Астана қаласында Брэндон Кукке қарсы өткізіп, 9-шы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Осылайша спортшы бірінші орта салмақтағы WBO, NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерін қорғап қалды.
Жіберіп алмаңыз:
Спорттан шеттетілген Илья Ильин 2020 жылы Олимпиадаға қатысуы мүмкін
Анасы Илья Ильиннің не себепті ажырасқанын айтты
Роналду аяғы ауыр сүйіктісіне опасыздық жасады
Қытай елшісі қысым көрген қазақтар жайында: Біздің ішкі жұмысымызға араласпауды сұраймыз