Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қан ұйымау дертіне шалдыққандар министрліктің жаңа ережесіне жаппай қарсы шықты

Гемофилия дертіне шалдыққан науқастарды басқа дәрігерлер емес, тек гемотологтар емдеуі тиіс! Бүгін осы сырқаттың зардабын тартқан науқастар шу шығарды. Қан ұйымау дертіне тап болғандарды бұдан былай сала дәрігері емес терапевт қабылдайды деген Денсаулық сақтау министрлігінің шешіміне үзілді-кесілді қарсы, деп хабарлады КТК.

Қан ұйымау дертіне шалдыққандар министрліктің жаңа ережесіне жаппай қарсы шықты

“Біз тек гемофологқа қаралуымыз керек. Себебі, мен баратын полоклиникада бізден обамен ауыратын бала сияқты қашады. Оларға оның қандай ауру екенін, қан тоқтамаса не жағдай болатынын айтып, үйретіп отырамын. Сондықтан, олар қанды қалай тоқтату керек екенін білмейді. Ал, балам дәріні граммдап қана ішеді, ондағы дәрігерлер бұны да білмейді”-дейді Алматы қаласының тұрғыны Әсел Ақтанжанова.

Тендермен алысып, дәрі-дәрмектен таршылық көріп жүрген науқас балалардың ата-аналары министр Елжан Біртановтың бұл шешімі жығылғанға жұдырық болды деп ашынады. Себебі, ем қонбайтын дерттің зардабы қорқынышты. Денесі жарақат алса, қаны ұйымайтын сырқаттар өліп кетуі де мүмкін. Оларға тек қымбат препарат көмектесе алады. Ерекше бақылауды қажет ететін науқастарға гемофилиядан хабары аз терапевт-дәрігерлер дер кезінде ем-дом көрсетпек түгілі, препараттардың атауын білмейді дейді наразы науқастар. Жалпы, елімізде осы дертпен ауыратын 344 бала, 841 ересек адам бар екен.

“Емдеу сапасы нашарлап кетті. Дәрігерлердің біліктілігі туралы сөз қозғаудің өзі қорқынышты. Бұл ауруды білмейтін емханадағы терапевт дәрігер науқастың жағдайын ушықтырмаса, жақсартады деп айта алмаймын. Министрлікке бізді алаңдататын мәселелерді жіпке тізіп, хат жаздық. Бірақ үміттен гөрі күдігіміз басым. Себебі, министрлікте гемотолог мамандар жоқ. Бұл дегеніміз олар бізді түсінбейді.Мысалы, басқасын айтпағанда препараттың жетіспеушілігі әлі күнге дейін шешімін таппады”,-деді «Гемофилияға шалдыққан мүгедектер» қауымдастығының президенті Тамара Рыбалова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау