Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қапшағайда кәмілеттік жасқа толмаған қыз жаңа туған нәрестесін өлтірді

Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 9 тамыз күні Қапшағай қаласында жергілікті балалар мектеп ауласынан жерге көмілген нәрестені өлі күйінде тауып алған.

280213.1.7
Қапшағай полициясы тіркелген мәлімет бойынша қылмыстық іс қозғады. Облыстық департамент басшылығы тергеу амалдарын қатаң қадағалауда.

«Жедел-іздеу шаралары барысында жаңа туған баласын көміп кеткен ана ұсталды. Ол Алматы емханаларының бірінде жатқан. Күдікті кәмілеттік жасқа толмаған Қапшағай қаласының тұрғыны болып шықты. Ол қапшағайлық пәтерлердің бірінде дүниеге әкелген ұлын өлтіргенін мойындады», – дейді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

«Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта бірқатар сараптамалардың нәтижелерін күтіп отырмыз», – дейді заң өкілдері.

Бұған дейін  құм астынан нәрестенің өлі денесі табылғанын хабарлағанбыз.

Жіберіп алмаңыз:

Қапшағайда көгалдан жаңа туған сәби табылды

Пойызда босанған әйел нәрестесін вагоннан лақтырып жіберген

Алматы облысында дәретхана шұңқырынан тағы бір нәресте табылды

Қапшағайда қапшықтан табылған нәресте қайтыс болды

Ақтауда дәрігер жаңа туған нәрестені өлімнен аман алып қалды

Талқылау