Пойызда босанған әйел нәрестесін вагоннан лақтырып жіберген

Сәрсенбі, 6 Шілде , 2016 15:02

Хабаровск өлкесі Чегдомын ауылының тұрғынының үстінен пойызда босанған баланы лақтырып жіберді деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды.

952001843

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Жаңа туған нәрестенің денесі темір жол өтпесінен табылған.

“Алдын ала ақпарат бойынша күдікті әйелдің Чегдомын – Хабаровск жолаушылар пойызының дәретханасында қыз бала босанғаны анықталды. Туа сала нәрестені вагон терезесінен лақтырып жіберген. Хабаровскідегі Серышев-Воронеж көшелеріндегі темір жол өтпесінен бала денесі табылды”, – деп жазылған мәлімдемеде.

Күдікті әйел 29 жаста, ол Чегдомын ауылында тұрады. Хабаровск қаласына өзінің 9 жасар үлкен қызымен келе жатқан. Қиыр Шығыс көлік полициясы қызметкерлері 5 сағаттың ішінде сол пойызбен Хабаровскіден Чегдомынға қайтқан күдіктіні ұстады. Күдіктіге медициналық көмек көрсетілді, 9 жасар бала кәмелетке толмағандарға арналған оңалту орталығына жіберілді.

“Қазіргі уақытта РФ ТК Қиыр Шығыс көлік тергеу басқармасының тергеушілері “Ананың баласын өлтіруі” бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

6
Комментариев
  • Анонимно says:

    Адамдар катыгез болып кеткен, оган осындай хабар естиген сайын коркып отыратын болдык.

  • Анонимно says:

    Адамдар не Болып барады?
    Осы суракты койган сайын кутырып барадыма

  • Анонимно says:

    Куама осы нарестеге де жеталмай жургендер коп кол кайта куанбайсынба

  • Анонимно says:

    жалпы занды кушейту керек соттап камау керек сонда баска кыз келиншектеримизге сабак болат сабиди далага лактырганша балага зар болганга берсин

  • Анонимно says:

    Ужас соз жок мына катынна Аллам калай бакыт берген екен. Сол бакытты лактырып тастаса кимай

  • Анонимно says:

    Маскара адамдар не боп кетти

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар