Қапшағайда қапшықтан табылған нәресте қайтыс болды

Дүйсенбі, 4 Шілде , 2016 14:26

Қапшағайдан табылған нәресте қайтыс болды. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін бір тәулік бойы күрескен. Бұл туралы Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ақниет Балтанова хабарлады.

ребенок_2

Сурет gorodkirov.ru

Жаңа туған сәби ауыр жағдайда салмағы 1,4 келі болған.

“Нәресте ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Біздің дәрігерлер оның өмірі үшін күрескенімен, өкінішке орай құтқара алмады. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары оның анасын іздеп жатыр”, – деп хабарлады Ақниет Балтанова.

Аймақтық ІІД қыздың өлімі бойынша қозғалған қылмыстық іс ауыстырылатын болады.

“Қазір прокуратураның бекітуін күтіп отырмыз және бұл істі ҚР ҚК 100 бабына ауыстырамыз. Бірақ, әлі прокуратура шешім шығармады. Сәби өте ауыр жағдайда келді. Ол жеті айында шала туған. Далада қанша уақыт жатып қалғаны да белгісіз”, – деп хабарлады полиция.

Қазіргі таңда Алматы облыстық ішкі істер департаменті қыздың анасының тұлғасын анықтау үстінде.

“Қазір анасын анықтау үшін жедел-іздеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қазір есепте тұрған, босану уақыты жақындаған жүкті әйелдердің кезектері түгел тексеріліп жатыр”, – деді департамент.

Жаңа туған сәбиді 3 шілде күні “Строитель” саяжай кооперативі маңынан тауып алған болатын. Көшеде ойнап жүрген балалар жылаған сәбидің дауысын естіген. Ішке кірген олар қапшықта жатқан қызды тауып алады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Анонимно says:

    Бізде апайлар көтере алмай жылап жүр ал бұлар….

  • Анонимно says:

    Сонда калай ойлайды басым жетпейді соган? Соны солай тастап кетіп әрі қарай нормально өмір сүріп кетемін деп ойлайды ма сонда? Алла тагала желкесінің шұқырын шығарады гой мына өмірде. Кателік жасады ма мойнымен котерип бакпайды ма сол нарестени

  • Анонимно says:

    Обал болды ау журеги тастан жаралганба дати барып калай тастап кеткен Кудайдын кудиретинен корыксын Аллам жазасын берсин

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар