Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қалаулым” бағдарламасын жақтаған Қарақат Әбілдина сынға ұшырады

Өткен жұмада Қыдырәлі мен Қарақат елді шулатқан “Қалаулым” бағдарламасында қонақта болып қайтты. Жұлдызды жұп махаббат хикаясын тағы да бір рет баяндап, жастарды үлгілі отбасы болуға шақырды. Артынша желіде аталған бағдарламаның жүргізушісі Аша Матай мен шеф-редакторы Шахкерім Кәрменовке деген жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды Stan.kz.

“Қалаулым” бағдарламасында қонақта болып, Қыдекең екеуіміз біраз жақсы дүниелерді еске алдық. Аталмыш жобаның бас редакторы әрі жүргізушісі Шаxкерімді бөпе кезінен танимын. Жазушы, дүлдүл әнші, ұлағатты ұстаз Жәнібек Карменовтей ұлы тұлғаның тұяғы, алтынның сынығы ғой бұл азамат. Жылы жүзді, үлкен жүректі Жәкеңнің асыл бейнесі менің есімде .Бізге сабақ беріп жүрген кезде ұстазымызды сұм ажал арамыздан алып кеткен еді. Бүгін ұлын көргенде ұстазымды көргендей ерекше әсерде болдым.”Әкең өлсе де әкеңнің көзін көрген өлмесін” деп қазақ бекер айтпаған ғой… Өнерде жүрген аға-апаларына деген құрметі бөлек. Марқұм ағамыздың жасамаған жасын жасап, жете алмай кеткен арманына ұлы жетсін деп тілек білдіремін! Аша сіңіліме де тілегім әрқашан аппақ”, – деп бөлісті Қарақат Әбілдина желідегі парақшасында.

Алайда әншінің бұл жазбасы көпшілікке жақпады. Желідегілер жаппай ел сынына ұшыраған “Қалаулым” бағдарламасын жақтап сөйлегені үшін Қарақатты сынға алды. Әбілдина бағдарламадан оғаш нәрсе байқамағанын айтып, ақталуға тырысты.

“Қыдекең екеуміз ән айтып, сұхбат берсеңіздер деп шақырған соң қатыстық. Ұшақтың кешігіп ұшуына байланысты мен өзім ортасынан қосылдым. Өз басым ешқандай өрескелдік байқаған жоқпын. Халықтың неге осыншама теріс пікірде екенін түсіне алмадым. Қысқасы бір отырып қарау керек екен”, – деп жауап берді ол оқырмандардың біріне.

Жіберіп алмаңыз:

Нұржан Керменбаев атышулы Байзақоваға түсіністікпен қарауға шақырды

Тойда би жарысқа қатысып, жеңіп шыққан Әуелбекова желіні шулатты (видео)

Асхат Садырбай алғаш рет бірінші отбасы мен ұлы жайлы айтты

Ұстазының тойында асыр сала билеген Мейрамбек Бесбаев көпшілікті таңғалдырды (видео)

Талқылау