Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуінің көңілдес әйелге барып жүргенін келіншек Uber қосымшасы арқылы біліп қойды

Франциялық бизнесмен әйгілі америкалық Uber компаниясын сотқа берді.

Uber-app

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Бизнесменнің әйелі күйеуінің Uber қосымшасын пайдаланып, көңілдесіне барып жүргенін біліп қойған.

Ер адам әйелінің телефонынан кіріп, Uber қосымшасы арқылы такси шақыртады. Ол қосымшаны өз аккаунты арқылы ашып кірген. Ал кейін одан шығып кетіп қалады. Алайда әйелінің смартфоны қандай да бір қателікпен ер адамның барған жерлері туралы мәліметті бұлжытпай көрсетіп берген.

Өзін алдап жүргенін білген соң әйел күйеуімен ажырасады. Ал күйеуі болса өзін сапасыз телефон қосымшасының құрбаны деп санап, оны құрастырушыларды сотқа береді. Ол 45 миллион евро көлемінде шығынды өтеуді талап еткен.

“Менің клиентім қосымшаның қателігі кесірінен өмірін бүлдіріп алды”, – дейді бизнесменнің адвокаты Давид-Андре Дармон.

Оқи отырыңыз:

Күнде қансырайтын баланың енді жыныс мүшесінен қан ағып жатыр (фото)

Әйел күйеуінің көңілдесін тыр жалаңаш күйінде көшеге шығарды (фото)

Шашты отпен қысқартатын шаштараз елдің таңданысын тудырды (видео)

Жомарт жан әр түн сайын 1000-ға жуық адамды тегін тамақтандырады

Талқылау