Күйеуі өлтірген Нұрипаның анасы құдағиын да қамауға алуды сұрайды

Сәрсенбі, 17 Тамыз , 2016 22:21

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында із-түссіз жоғалған үш баланың анасы, төртіншісіне аяғы ауыр Нүрипа Құрбанованың денесі Келес өзені маңындағы шұңқырдан табылды. 27 жастағы келіншекті ұрып соғып өлтірген өзінің күйеуі болып шықты. Және күдіктіге айналған жары алдымен марқұмның денесін терең шұқырға тастағанын, арада екі тәулік өткенде, оқиға орнына қайта барып, мәйітті өртеп жібергенін мойындап отыр.

ззз

Бұл туралы 31 арна жазды.

Сарыағаш ауданы Абай ауылының тұрғыны Нүрипа Құрбанованы жоғалды деп іздегендердің алғашқысы – оның күйеуі болатын. Енді «әйелім жоғалды деп дабыл қаққан» сол күйеуі күдіктіге айналды. Үш баланың анасы Нүрипа Құрбанова ауылдағы базарда киім сатумен айналысқан.  Із-түссіз жоғалған күні Шымкенттен тауар алуға кеткен бетінен үйге келмеді деп жұбайының туыстарына хабар берген де, отағасы екен. Хабарды естіген туыстары бірден іздеу жұмыстарын бастаған.

Жоғалған жанды іздеуге тәртіп сақшылары мен жақындары жұмылдырылған. Кісі аяғы көп жүретін орындарға Нүрипаның суретін іліп, елден көмек сұраған. Тіпті іздеу жұмыстарына сүңгуірлер де шақыртылған. Арада жеті күн өткенде, басты күдіктіге айналған күйеуі алдымен әйелін өлтіріп шұқырға тастап, бірнеше күннен кейін қайта барып, өртегенін айтып берген.

«Талғат, дедім. Жүр сен мына қатарды тексер, мен мына жағын. Жоқ іздегісі келмейді. Неге, өйткені ол күдікті. Іздеуге оның ниеті жоқ. Өліп қалған қызым. Тоғызы күні өлтіріп қойған. …Құдағи азанда шығарып салдым дейді. Өтірік айтады. Құдағиды да тексерсін», – дейді марқұмның анасы Айжан Құрбанова.

Күдікті о баста мәйітті өзенге тастадым деп тергеуді шатастырмақ болған көрінеді. Полицейлер оқиға орнынан мәйіттен бөлек, марқұмның алтындары мен жартылай жанған ұялы телефонын да тауып алған. Қазір қаныпезер күдікті қанды оқиға жайлы тергеушілерге жауап беріп жатыр.

«Аталған жәйт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы – кісі өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз кінәсін мойындап, тергеу абақтысында. Сотқа дейінгі амалдар жүргізілуде», – дейді ОҚО ІІД Баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы Спабек Жарқынбеков.

Марқұмның артында үш перзенті қалды. Он жыл отасқан олардың шаңырағында уақыт өте келе жанжал көбейген. Күйеуі қол күшіне жүгінсе, Нүрипаның төркінін жағалайтын күндері жиілепті. Ал, қамаудағы күдіктінің кінәсі дәлелденсе, он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жіберіп алмаңыз: 

ОҚО-да 27 жастағы сатушы әйел жоғалып кетті

ОҚО-да жоғалып кеткен Нұрипа Құрбанованың күйеуі әйелін өлтіргенін мойындады

ОҚО-да күйеуі өлтірген келіншектің денесі табылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Анонимно says:

    Неге 15 жыл ату жазасы берилу керек , кем дегенде 20 жыл .Балаларының коз жасы жибермейди.

  • Анонимно says:

    ондай адамды ату жазасына кесу керек еркекпин дейди ау озин 3 перзентинди ишиндеги шарананы аясан етти не болыптв сондай жауыздыкпен олтирип.аиу жазасын берсин.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар