ОҚО-да жоғалып кеткен Нұрипа Құрбанованың күйеуі әйелін өлтіргенін мойындады
27 жастағы ОҚО тұрғыны Нұрипа Құрбанованың жоғалып кетуіне күйеуінің қатысы бар, ол із-түссіз жоғалды деген әйелін өзі өлтіргенін мойындады,- деп хабарлайды tvk-uko.kz.

Күдікті әйелінің өлі денесін Жібек жолы ауылы маңындағы Келес өзеніне батырып жіберген.
Айта кетейік, алты тәуліктен бері Сарыағаш ауданының 27 жастағы тұрғыны ізделуде. 9 тамыздан бері оны ешкім көрмеген. Ал Нұрипа Құрбанованың туыстары журналистерге оның күйеуінен күдіктенетінін айтқан. Себебі, олар үнемі жанжалдасқан және күйеуі оны өлтірем деп қорқытқан.
Нұрипа Құрбанова -кәмелеттік жасқа толмаған үш баланың анасы және төртінші балаға аяғы ауыр болған. Бірнеше жылдан бері Сарыағаш ауданы Абай ауылындағы базарда сауда-саттықпен айналысқан. Туыстары оның күйеуімен жиі ұрысатынын және кезекті жанжалдан кейін Нұрипаны таппай қалғандарын айтқан.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады