Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Jah Khalib сахна төрінде астаналық жігітке қызына «ұсыныс» жасауға көмектесті

Қазақстандық танымал рэпер Jah Khalib Астанада өткен жеке шығармашылық кешінде Абай есімді жігіттің сүйген қызына сөз салуға ерекше мүмкіндік жасап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі, Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Концерттің орта тұсында рэпер сахна төріне Ақторғын Алтынбекова есімді бойжеткенді шақырып, «махаббат үшін неге дайынсың?» деп сұраған. Мұндайды күтпеген қыз қобалжып тұрғанда, оның жігіті Абай Құсайынов бір құшақ гүлімен саханаға шығып, сезімін білдірген. Сонымен қатар, әнші бұл жұпты сахна төріне шығарып, оларға ән арнады.

«Ұят болғанымен де, елдің көзінше сүйіскен қандай ғажап», – деп әзілдеді Jah Khalib.

«Мен шынымды айтсам қазір ғана сезініп отырмын. Саханада мен… не болғанын түсіне алмадым, түскеннен кейін жылап жібердім. Еріндерім әлі де дірілдеп тұр. Мен өте бақыттымын”, – деді Ақторғын.

Жігіт осы ұсынысты жасауға төрт ай бойы дайындалғанын айтады. «Мен ұзақ уақыт бойы жоспарладым, өз сезіміңді жасыру қиын екен. Ол менің өмірімдегі ең ғажап кездескен адамым», – деді Абай, қалыңдықты құшақтап.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

 

Талқылау