Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Италияда балықшы салмағы 130 келі болатын алып балықты ұстап алды (фото)

Италияда балықшылар По өзенінен алып сомды ұстап алды. Салмағы 130 келі, ұзындығы 2 метр болатын балық құбыжыққа ұқсайды, деп хабарлайды The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Алып сомды ұстап алған Бенджамин Грундердің сөзінше, ол судан өте ауыр «бірдеңені» алып шықпақ болғанда, оның мұншалықты алып балық болатынын ойламапты. Тіпті балық аулайтын құрал су түбіндегі ағаш тамырына ілініп қалған деген ойда болған, деп хабарлайды tvzvezda.ru.

Балықшылар балықты судан шығарып алу үшін 1 сағат әуреге түскен. Нәтижесінде алып балықты жағаға алып шықты.

Оқи отырыңыз:

Антарктидада пингвиндер фотокамера тауып алып, селфи жасаған (видео)

Жағажайдан табылған «құбыжық балық» жұртты шошытты (фото)

Бақытты болашақ үшін кемшіліктерінен арылып, адам танымастай өзгерген жандар (фото)

Қытайда әлемдегі ең ұзын теңіз көпірі салынды (фото, видео)

Талқылау