Бақытты болашақ үшін кемшіліктерінен арылып, адам танымастай өзгерген жандар (фото)

Бойындағы кемшіліктерімен күресіп, өмірден өз орын тапқан адамдар бақытты екендерін айтты. Кейде көңілі түсіп, жабырқап жүрген жандардың қоғаммен арасудан қашатынын көреміз. Олар өздерінің бойынан кемшілік іздеп, өзін басқалардан төмен ұстайды.

Алайда не жағдай болса да, өмірге бір-ақ рет келетіндіктен жақсы қырынан өзгеріп, алға қарай ұмтылу керек. Stan.kz ақпараттық агенттігі назарларыңызға бақытты болашақ үшін кемшіліктерінен арылып, жаңа бейнеге ие болған батыл адамдар тізімін ұсынады.

Бойжеткен 500 күн бұрын ішімдіктен бас тартып, бір ай спортпен шұғылданып адам танымастай өзгерген.

Қызы бір жасқа толғаннан кейін ішімдік ішуін қойған әке, бес жылдың ішінде жақсы жетістіктерге қол жеткізген.

Төрт жыл бұрын нашақор болған жігіт, есірткіден арылған соң өмірден өз орнын тапқан. Ол қанша қиын болса да, бәріне шыдап келген. Нәтижесінде жұмысқа орналасып, үй алып, сүйітісін жолықтырып, тіпті ит асырап алған.

Ерлі-зайыптылар семіздікпен күресіп 72 келі салмақ тастаған.

Кезінде салмағы 78 келі болған қыз 53 келіге дейін арықтап, адам танымастай өзгерген.

«Бес жыл бұрын өзіме қол жұмсамақшы болғанмын. Қазір бәрі артта қалды. Маған қолдау көрсеткендерге алғысым шексіз»,-дейді өмірін өзгерткен жігіт.

Көпшілік алдында өнер көрсетіп әзілкеш болуды армандаған жігіт, сахна алдындағы қорқынышын жеңіп арманына қол жеткізді.

Алты жыл бойы күйзелістен және артық салмақтан зардап шеккен жігіт ішімдік ішуден алдына жан салмайтын. Ол бір жарым жыл бұрын өмірін өзгерткісі келіп, ащы сусынды ішуден бас тартқан.

Бойжеткен ота жасатуға шешім қабылдағанына қуанып, енді өзін сұлу сезінетінін айтты.

 

Жігіт артық салмақ тастағалы өмірден түңілмейтін болдым, дейді.

Суретші болуды армандаған бала, алты жыл ішінде керемет нәтижеге қол жеткізген.

Жіберіп алмаңыз:

Қытайда әлемдегі ең ұзын теңіз көпірі салынды (фото, видео)

Мамандар iPhone смартфондарын қаншалықты ұзақ қолдануға болатынын анықтады

Дәрігерлер емдей алмайтын 12 ауру түрі

Үш баланың анасы ұлдарының күнделікті өмірін суретке түсіруді кәсіпке айналдырған (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар