Қытайда әлемдегі ең ұзын теңіз көпірі салынды (фото, видео)

«China Communications Construction» мемлекеттік корпорациясы Қытайда теңіз жағалауынан өтетін әлемдегі ең ұзын көпірді салды. Құрылысшылардың пікірінше, көпір 8 балдық жер сілкінісіне төтеп бере алады екен.  Гонконг, Чжухай және Макаоны байланыстырып тұрған көпірді кем дегенде 120 жыл пайдалануға болады.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Құрылыс ұзындығы 55 шақырым болатын көпір сегіз жылда салынып бітті. Әлемдегі ең ұзын теңіз көпірін тұрғызу 14,16 миллиард еуроға бағаланған. Сегіз жылға созылған құрылыста үш жасанды аралдар мен әлемдегі ең ұзын су асты өткелі құрылған.

2018 жылы Гонконг, Макао және Чжухайды байланыстыратын әлемдегі ең ұзын көпір іске қосылды. Құрылыс ұзындығы 55 шақырымды құрайды, оның 38-і көпірдің әр түрлі учаскелеріне жатады. Оған қоса, ұзындығы 7 шақырым болатын су асты туннелі мен жасанды аралдар салынған. Көпірдің негізгі ұзындығы шамамен 30 шақырым. Сондай-ақ қозғалыс үшін әр бағытта жүретін үш жолақ бар.

Құрылыс 2009 жылы экологиялық талаптарды ескере отырып, өңірдің теңіз әлеміне зиян келтірмеу үшін жүргізілді. Сонымен қатар көп қабатты теңіз кемелерінің өтуін қамтамасыз ету мақсатында туннельдер мен кабельді көпірлер салынды.

Негізгі жұмыстар 2017 жылдың шілдесінде аяқталды, ал көпірдегі қозғалыс жыл соңына дейін іске қосылады деп күтілуде. Алайда шекаралық бақылау тетіктерін үйлестіру жұмыстары әлі де аяқталған жоқ. Ал Гонконг пен Макао ҚХР құрамына кірсе де, арнайы әкімшілік құрылым болып табылады.

Жасаушылардың пікірінше, кем дегенде 120 жыл пайдалануға болатын көпір 8 балдық жер сілкінісіне төтеп бере алады екен.

Көпірдің құрылысына 60 Эйфель мұнарасын тұрғызуға жететіндей 420 мың тонна болат жұмсалған.

Құрылыс әлемдегі көпір ұзындығы бойынша төртінші орын алады. Алғашқы ең ұзын үш көпір де Қытайға тиесілі. Бірінші орында Даньян-Куньшан виадусы. Ол 2011 жылы Шығыс Қытайда салынған. Оның ұзындығы 164,8 шақырым болғанымен, тек 9 шақырымы ғана судың үстінен өтеді. Екінші орында ұзындығы 113,7 шақырымды алатын Тяньцзинь виадусы. Екі көпір де Пекин-Шанхай жылдамдықты темір жолының бөлігі болып табылады. Үшінші көшбасшы 79,7 шақырымдық Вэй көпірі. Ол Қытайдағы басқа теміржол желісінің бөлігі. Көпір екі рет Вэй өзенін қиып, сондай-ақ басқа да өзендер, жолдар мен теміржолдарды кесіп өтеді.

 

Жіберіп алмаңыз:

Инстаграмды шулатқан модель адам болмай шықты 

Солтүстік Корея басшысы Пхёнчхан олимпиадасындағы жанкүйер қыздарды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген (видео)

Ұшақтың есігі дәл ұшу кезінде ашылып кетуі мүмкін бе?

Лос-Анджелесте “Оскар” жүлдесінің 90-шы марапаттау рәсімі басталды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар